aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматы волонтерлері «Ардагерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

18 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
Алматы волонтерлері «Ардагерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

​Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне тұрмыстық және әлеуметтік қолдау көрсетіп, ардагерлерге деген шексіз құрмет пен ризашылығын білдірді.


​Еріктілер ардагерлердің үйлеріне барып, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізді, сондай-ақ тұрмыстық шаруаларға көмек көрсетті. Бұл акция тек аға буынға деген қамқорлықтың көрінісі ғана емес, сонымен қатар жастар мен ардагерлер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Акция аясында Алматы қаласында тұратын барлық 21 ҰОС ардагерін қамту жоспарланып отыр.
​«Біз ардагерлерге жай ғана көмек көрсетіп жатқан жоқпыз. Бұл – ерлікке тағзым, тарихқа құрмет. Олардың әрбір естелігі – біз үшін тірі шежіре. Осындай кездесулер арқылы біз шынайы патриотизм мен жауапкершілік сезімін үйренеміз», – деп ерікті Шәмші Құдайберген атап өтті.
​Еріктілер атап өткендей, бұл бір реттік шара емес. Ол – алматылық жастардың жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан тұрақты бастамасының құрамдас бөлігі. Алматы қаласының еріктілері мұндай қайырымдылық іс-шараларын үнемі ұйымдастырып отырады. Мәселен, қыс мезгілінде олар ардагерлер мен зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартуға көмектесіп, коммуналдық қызмет өкілдеріне ыстық шай тарату бойынша акциялар өткізеді. Бұл бастамалар – жастардың белсенді азаматтық ұстанымының, қоғамдағы бірліктің және адамдарға деген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі.

Алдыңғы жаңалық

Профилактика и разрешение конфликтов: в столице прошёл тренинг по этномедиации

Келесі жаңалық

Тоқаев қазақстандық христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі