aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

7, 5, 3 жаста: Жамбыл облысында бір үйдің үш қызы газдан уланып көз жұмды

20 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
7, 5, 3 жаста: Жамбыл облысында бір үйдің үш қызы газдан уланып көз жұмды
0
SHARES
115
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында газдан уланып үш бірдей кішкентай қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Қайғылы жағдай 19 сәуір күні кешкі уақытта Меркі ауданына қарасты Сарымолдаев ауылында болған.

Қаза тапқан балалар – туған әпкелі-сіңлілі қыздар. Олардың үлкені жеті жаста, ортаншысы бес жаста, ал кішісі небәрі үш жаста болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға болған күні таңертең анасы балаларды үйде қалдырып, сыртқа кеткен. Үйге қайта оралғанда үй ішінен өткір газ иісі шыққан. Қыздар ес-түссіз жатқан. Анасы оларды дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады – балалар есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Меркі ауданы әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, Жамбыл облысының әкімі арнайы тапсырма беріп, оқиға орнына жедел жұмыс тобы барған. Қазір оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Қайғылы жағдайға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, оның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыру да бар. Сондай-ақ отбасыға психологиялық қолдау көрсетілуде. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталуда. Қосымша ақпарат тергеу аяқталған соң жарияланады», – делінген ресми хабарламада.

Алдыңғы жаңалық

Тоқаев қазақстандық христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады

Келесі жаңалық

Ақтауда оқушы қыздар бірі-бірі талдырып, ойнап жүр: Білім басқармасы түсініктеме берді (ВИДЕО)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі