«Қазақстан аруы-2022» титулының иегері Томирис Кәкімова өзінің отбасылық өмірі туралы бейнероликтер жариялап жүр. Ол астаналық арудан ауылдағы бақытты келінге айналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Томирис Кәкімова Instagram парақшасында көңілді видеоларды оқырмандарымен бөлісуді әдетке айналдырған. Онда сұлулық пен сән туралы емес, нағыз отбасылық бақыт туралы айтылады.
«Күйеуім есімім Әбіл деді. «О, астаналық жігіт екен, бизнес-класс, таңертең смузи ішемін» деп ойладым. Алайда ол ауылдан болып шықты, смузидің орнына қымыз ішіп, «убердiң» орнына әкесiнiң тракторына мініп жүрмін», — дейді Томирис Кәкімова.
Ол Нью-Йоркті, мұнараларды, зәулім ғимараттарды көруді армандағанын, оның орнына ауыл өміріне тап болғанын айтады.
«Бірақ мұнда бәрі әдемі, адамдар көңіл көтеруде, әдемі көрініс. Күйеуім жай ғана алып келген жоқ, қасымда тұрды, тіпті ыдыс-аяқ жуып жатсам да, жанымда тұрып қалжыңдайтын. Мен сахнаға, шамдарға үйренгенмін. Ал қазір бауырсақ ұстаған келінмін, өзімді шынайы адам сезінемін», — дейді ару.
Посмотреть эту публикацию в Instagram