aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жасақталды

2 мая, 2025
in Uncategorized
0
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жасақталды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Құрметті алматылықтар!
⠀
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Мәслихат жергілікті өкілетті орган ретінде бұл процесті заңнамаға сәйкес барынша ашық, жария түрде және қоғаммен диалог форматында ұйымдастырды.
⠀
Бірнеше кезеңдік конкурс пен ашық трансляциямен өткен сұхбаттасулар нәтижесінде Кеңес құрамына 42 адам енді, олардың ішінде:

  • 39 – азаматтық қоғам, коммерциялық емес сектор мен сарапшылық қауымдастық өкілдері,
  • 3 – мемлекеттік органдардың өкілдері.
    ⠀

Барлығы 165 өтінім келіп түсті – бұл қаламыздағы азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Құжаттарды тексеру барысында 7 үміткер конкурсқа жіберілмеді, 5-і келесі кезеңнен бас тартты. Қалғандары жұмыс тобының мүшелерімен жеке сұхбаттан өтті. Жұмыс тобына қолданыстағы Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және ҮЕҰ өкілдері кірді. Оның құрамы да ашық дауыс беру арқылы бекітілді.
⠀
Жаңартылған құрамда:
▫️ 70%-дан астамы бұған дейін Кеңес құрамында болмаған жаңа мүшелер
▫️ Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өндіріс, әлеуметтік осал топтарды қорғау және басқа да негізгі салалар қамтылған
▫️ 35 жасқа дейінгі жастар үлесі 21,4%-ға дейін өсті, Кеңес мүшелерінің орташа жасы – 46
▫️ Кеңеске алғаш рет оралмандар мен Ұлттық құрылтай мүшелері енді
▫️ Гендерлік және этникалық құрам мегаполистің сан алуандығы мен әлеуметтік құрылымын көрсетеді.
⠀
Құрам – тәжірибе, жаңа идеялар мен азаматтық белсенділіктің үйлесімі. Жаңа Қоғамдық кеңес билікпен тиімді диалог алаңына айналып, қалалық өмірдің өзекті мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратынына сенімдімін.
⠀
Кеңестің жұмысы ашық, жүйелі әрі есепті болады. #MaslikhatAlmaty бұрынғыдай оның қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіп, тұрғындармен диалогтың ашықтығын қамтамасыз етеді.
⠀
Бастамашыл болып, өтінім берген баршаңызға алғыс айтамын. Сіздердің белсенділіктеріңіз – қуатты өзін-өзі басқарудың кепілі және «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізі.

Алдыңғы жаңалық

Утверждён новый состав Общественного совета города Алматы

Келесі жаңалық

Алматы тауларынан адасып кеткен екі турист табылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі