Маңғыстаулық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең үздік лингвисі атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев абсолютті жеңімпаз атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.
Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:
Рамазан Бутантаев — 10-сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;
Самир Сарбасов — 12-сынып, НЗМ, Астана қаласы;
Тимур Кантаев — 11-сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;
Зере Серікова — 11-сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;
Темірлан Сейтбаттал — 11-сынып, БИЛ, Ақмола облысы.
Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Ислам Сипатталов — 10-сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;
Шыңғыс Қарасаев — 11-сынып, НЗМ, Орал қаласы;
Арон Хасанов — 11-сынып, БИЛ, Атырау қаласы.
Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.
APLO-2025 зияткерлік жарысына биыл Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты елдерден 500-ге жуық оқушы қатысты.