aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Талдықорғанда Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовке көше аты берілді

6 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
Талдықорғанда Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовке көше аты берілді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Талдықорғанда Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы маңызды шараның бірі.

«Бүгінгі шара – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған барша аға буынға халықтың көрсеткен үлкен құрметі деп білемін. Сағадат Қожахметұлы – ержүрек жауынгер ғана емес, Қазақстан Қарулы Күштерінің тізгінін ұстаған мемлекет қайраткері. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Армиясының негізін қалауға бар күш-жігерін жұмсап, өлшеусіз үлес қосты. Осындай біртуар тұлғаның әскери мұрасын зерделеу, өнегелі өмірін ұрпаққа насихаттау – біздің ортақ парызымыз», — деді Б. Исабаев.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған. 1942 жылы кеңес әскері қатарына қабылданып, Түрікменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiк аяқтаған соң взвод командирi ретiнде майдан шебiне аттанады. Кубань, Дон, Молдавия жерлерiнде, Одер, Шпрее өзендерiнiң бойында жан алысып, жан беріскен шайқастарға қатысты. 1945 жылы 21 жасында Сағадат Нұрмағанбетовке Кеңес Одағының Батыр атағы және «Алтын жұлдыз» берілді. Қазақстан Президентiнiң Жарлығымен 1991 жылы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң төрағасы, 1992 жылы Қорғаныс министрi қызметіне тағайындалды. 1994 жылы «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, №1 «Алтын Жұлдыз» табысталды. 1995 жылы Армия генералы атағымен отставкаға шығып, Қазақстан Президентiнiң кеңесшiсi болды.

Алдыңғы жаңалық

Отанға қызмет ету – қасиетті борыш!

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі