aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

7 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Астанада өткен әскери парадта Қазақстан Республикасының президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жеңіс күніне арналған құттықтауын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

«Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың жауынгерлік рухының, батырлығы мен ерлігінің символына айналған тарихи мейрам. Біз ел қорғаған ерлеріміздің қаһармандығын, майдан даласында қаза тапқандардың жарқын бейнесін құрметпен еске аламыз. Бүгінгі бейбіт өміріміздің кепілі болған сол ардагерлердің алдында бас иеміз», – деді президент.

Мемлекет басшысы соғыс жылдарының барша адамзат үшін ауыр сынақ болғанын, Қазақстан да сол кезеңде үлкен қиындықты бастан өткергенін атап өтті.

«Жеңіс – халқымыздың тарихындағы теңдессіз ерліктің белгісі. Бұл – біз үшін де, бүкіл адамзат үшін де маңызды сабақ. Бүгін арамызда сол сұрапыл соғыстан аман қалған ардагерлер бар. Құрметті ардагерлер! Сіздерге барша қазақстандықтар атынан алғысымды білдіремін. Сіздердің отансүйгіштіктеріңіз, жанқияр ерліктеріңіз – ұрпаққа үлгі. Сіздердің есімдеріңіз бен ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды!» — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанған. Олардың жартысы ерлікпен қаза тапты. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Тарихта есімі қалған батырлардың қатарында Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова сынды аңыз тұлғалар бар.

Сонымен қатар тыл еңбеккерлерінің де ерен еңбегі ерекше атап өтілді. Қазақстаннан майданға 1500 вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді, жүздеген зауыт пен фабрика көшіріліп, қысқа уақытта соғысқа қажетті өнім шығаруға кірісті. Майдандағы он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылғаны айтылды.

«Ұлы Жеңісті ұлықтау – батырларымыздың рухына тағзым ету. Жастарымыз олардың жауынгерлік және еңбек ерлігін әрдайым біліп жүруі керек», – деді мемлекет басшысы.

Алдыңғы жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Келесі жаңалық

Шымкент тұрғындары Астанадағы әскери шеруді тікелей эфирден тамашалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі