Танымал қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті. Қазір жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Диас Ахметшәріп Ақтауда іссапармен жүрген.
«Журналист Диас Ахметшәріп инсульттің салдарынан комаға түсті. Науқастың миына қан құйылған, жағдайы өте ауыр, қазір реанимация бөлімінде жатыр», — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Қалған ақпарат науқастың туыстарының рұқсатынсыз берілмейді деп атап өтті олар.
Айта кетері, Диас Ахметшәріп – қалың көпшілікке спорт комментаторы ретінде танымал. Ұзақ жылдар мемлекеттік телеарналарда қызмет еткен. «Қазспорт» телеарнасының директоры болды. Соңғы жылдары әртүрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшы лауазымын атқарған.