Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отыырысы басталды. Сот отырысында сотталушы Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтардың адвокаттары ауысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азамат Тоқтаубаевтың қорғаушысы ретінде Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Нұрсұлтан Досжанов өзін таныстырды. Ал Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты ретінде Азамат Сағымбек таныстырылды.
Мемлекеттік айыптаушылар сот ісі бойынша айғақтарды таныстыруды жалғастырып жатыр.
Осыған дейінгі отырыста Абзал Шынасыл өзінің бет-жүзін көрсетуге рұқсат беріп, Шерзатты теуіп, Нұрқанат Ғайыпбаевқа үш рет пышақ сұққанын мойындаған еді. Сондай-ақ сотталушы Дидар Қалиахмет өзін шындық детекторымен тексеруді ұсынған болатын.