aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ата-енеммен тұрмаймын»: танымал блогердің сөзі желіде қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

24 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
«Ата-енеммен тұрмаймын»: танымал блогердің сөзі желіде қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
0
SHARES
40
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Танымал блогер әрі кәсіпкер Бота Миа Taboo бағдарламасына берген сұхбатында отбасына қатысты көзқарасын бөлісті. Ол болашақ жарына алғаш танысқан сәтте-ақ ата-енесімен бірге тұрмайтынын ашық айтқанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бота Миа не деді?

Блогердің айтуынша, отбасындағы тыныштық пен үйлесімділік жеке кеңістіктен басталады. Сондықтан ол бастапқыда бұл шартты ашық айтып, болашақ жарымен солай келісімге келген.

«Осыны ашық айтқым келеді. Мен Асқарға басында өмірімді ата-енеге қызмет көрсетіп өткізе алмайтынымды айттым. Кейін бірге тұрамыз деген жағдайда келіспеушіліктер болады дедім. Менің ойымша, отбасы құрылған соң олар жаңа отау құруы керек. Бөлек әлем болуы керек. Үйленген соң ата-енеме жиі барып тұрамын, түскеннен кейін бір ай сол үйде боламын. Бірақ өмірімді ата-енеге қызмет көрсетумен өткізе алмаймын», – деді Бота Миа.

Желі қолданушыларының реакциясы

Блогердің бұл сөзі Instagram желісінде кең талқыланып, қоғам пікірін екіге бөлді.

Қолдайтын пікірлер жазғандар «Дұрыс айтқан, бастапқыда келісіп алған жөн», «Әр отбасына жеке кеңістік қажет», «Заманауи келінге еркіндік керек» десе, сынаушылардың пікірі «Қазақ келіні ата-енесін тастап кете алмайды», «Қартайғанда кім қарайды?», «Бұл – өзімшілдік» дегенге саяды.

Ене мен келін тақырыбы

Жалпы, ене мен келін тақырыбы қарапайым халық арасында ғана емес, шоу бизнесте де кеңінен талқыланады. Мысалы, жақында танымал актриса Ақерке Арыс енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтып, онымен ұрсысқанын жеткізді. Ал әнші Мирас пен Құралай 25 жыл отасқан өмірінің 20 жылында ақшаны енесі ұстағанын айтты. Сонымен қатар жақында жетінші арнадағы «Айгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына қонаққа келген әнші, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Маржан Арапбаева ата-енесі өзін қатты жақсы көретінін айтты. Ал әнші Жазира Байырбекова енесінің қатал болғаны туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар әнші Сиви Махмуди де енесі баласын қызғанғанын, тіпті, араларына жатып алатынын жеткізді. Ал әнші Меруерт Түсіпбаева студент шағында көңіл жарастырып, сүйіп қосылған бұрынғы күйеуімен ажырасуына енесі себепкер болғанын айтты. Актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы айтып, ата-енесімен қарым-қатынасы туралы сыр шертті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE’s 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)

Алдыңғы жаңалық

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Келесі жаңалық

Дархан Сатыбалды Алматының жаңа әкімі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі