aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Енді органдар қазақстандықтардың ұялы телефонға салатын балансын да тексереді

28 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
Енді органдар қазақстандықтардың ұялы телефонға салатын балансын да тексереді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл күшейіп жатыр. Енді Қаржы мониторингі агенттігі жылжымайтын мүлікпен 50 млн теңгеден астам сомаға жасалатын мәмілелерді тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжілісте «Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, ақшаны «кәсіби түрде» жылыстатып үйренгендер өздерінің қылмыстық кірістерін заңдастыру үшін күннен күнге күрделене түсетін схемаларды қолданады. Осыған байланысты оларға қарсы күресті күшейту үшін заңнама жаңа сын-қатерлерге бейімдеп отыру қажет.

«Заңнамаға ұсынылған өзгерістердің бірі – қаржы мониторингі органдарының өкілеттіктерін күшейту. Заң жобасымен агенттікке қылмыстық кірістерді жылыстату және заңсыз қызметті қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың күдікті операцияларына талдау және мониторинг жүргізу жөніндегі міндеттеме жүктеледі. Бұл бізге қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге және оларды жоспарлау кезеңінде қаржылық қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді», — деді Елемесов жалпы отырыста.

Енді ұялы байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» қаржылық мониторингтің жаңа субъектілері болады.

«Ұялы байланыс операторлары мобильді теңгерімді толықтыру туралы, ал «Азаматтарға арналған үкімет» нотариустардағы мәмілелерге ұқсас жылжымайтын мүлікпен 50 млн теңгеден астам сомаға жасалатын мәмілелер бойынша ақпарат береді. Бұл құралдар күдікті операцияларды тиімдірек анықтауға және жолын кесуге ықпал етеді», — деді ол.

Алдыңғы жаңалық

«30 мамыр күні Шымкент қаласында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді»

Келесі жаңалық

«Су немесе жұмыртқадан уланған болуы мүмкін»: Көкшетауда 18 бала ауруханада жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі