aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Бір сәттік қызығушылық — өмірлік өкініш»

5 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
«Бір сәттік қызығушылық — өмірлік өкініш»
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде» «Нашақорлық: бір сәттік қызығушылық — өмірлік өкініш» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастардың арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, нашақорлықтың зардаптары мен заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру арқылы зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу.
Шара барысында келесі бағыттар қамтылды: Медициналық түсіндіру жұмыстары – Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатры (нарколог) Досхан Шалапов есірткінің адам психикасы мен ағзасына тигізетін кері әсерлері туралы айтып, нақты медициналық деректермен бөлісті. Құқықтық түсіндіру жұмыстары – Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қожбанов Есімхан Халбуллинұлы есірткі заттарын заңсыз сақтау, тарату, тұтыну бойынша қылмыстық жауапкершілікке тоқталып өтті. Психологиялық және әлеуметтік аспектілер – «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің маманы Өміртаева Жансая Ержанқызы нашақорлыққа итермелейтін әлеуметтік және психологиялық себептерге назар аударып, олардан шығу жолдарын ұсынды. Жедел көмек көрсету тәртібі – Аппаттық медицина орталығының дәрігері Баимырза Асқар есірткіден улану жағдайында көрсетілетін алғашқы көмек жөнінде баяндама жасады. Қауіпсіздік және алдын алу шаралары – Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Әли Жанғали Оралбай пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Қойшыраева Айсұлу жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін қозғады.
Семинар барысында студенттер мамандарға сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу орын алды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетілді.
Қазақстанда балалардың құқықтық жағынан қорғалуы 90%-ға жетті — Балалар әл-ауқаты индексінің аралық қорытындылары
«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылға арналған Балалар әл-ауқаты индексінің алдын ала қорытындыларын шығаруда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Биыл ерекше назар аударылған басты бағыттардың бірі — балалардың құқықтық жағынан қорғалу деңгейі болды. Жинақталған деректерге сәйкес, бұл көрсеткіш 90%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр.
Көрсеткіштің өсуі алдын алу және ақпараттық түсіндіру шараларының артуымен байланысты. Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан еліміздің барлық мектептерінде балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық диалог мәдениетін дамыту және құқықтарды қорғау жүйесіне сенімдерін нығайту мақсатында «Мен өз құқығымды білемін» ақпараттық айдары іске қосылды.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі өз құқықтарын білетінін және олар бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін жақсы түсінетінін көрсеткен.
Балалар әл-ауқаты индексі Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш жыл бұрын енгізілген және елдегі бала жағдайын бағалаудың стратегиялық құралы болып табылады. Бұл құрал жағдайды ел бойынша ғана емес, өңірлік деңгейде де саралауға, сондай-ақ ұлттық деректерді халықаралық стандарттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Индекстің әдістемесі 56 индикатор бойынша төрт бағыт бойынша жүргізіледі: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, дамуға жағдай жасау және бала тәрбиелеп отырған отбасылардың жалпы өмір сүру деңгейі сияқты негізгі салаларды қамтиды.
Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысы — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасымен 2025 жыл – Профилактика жылы деп аталды. Бекітілген жоспарға сәйкес, Түркістан облыстық Полиция департаменті тарапынан профилактикалық шараларды және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті нығайту мақсатында қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғау бағытындағы шаралар күшейтілді. Осы негізде Департаменттің жанында есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы саласында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес мүшелері құрылып, нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу, заңға бағынатын мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің» 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылуда.
4000

Алдыңғы жаңалық

"Таза Қазақстан" бағдарламасы әр адамды тазалыққа үйретеді

Келесі жаңалық

Индустриалдық аймақтағы өңірдің өндірістік әлеуетін жоғарылатады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі