aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Балаларға арналған күн — болашағамыздың жарқын бейнесі

5 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
Балаларға арналған күн — болашағамыздың жарқын бейнесі
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы аумағында Халықаралық балалар күні қарсаңында айтулы шаралар ұйымдастырылды. Әсіресе, іс-шаралардан өнерлі балаларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету және дарынды балалардың талантын шыңдау аясында тиісті жұмыстар атқарылғаны байқалады. Сондай іс-шаралардың бірі, Түркістан қаласының халықаралық әуежайында көпшіліктің қошеметіне ие болған «Домбыра» мәдени іс-шарасы болды. Әуежайға келген жолаушылар мен қонақтар таңғаларлық көрініске куә болды. Назарбаев зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы бір мезетте қазақ халқының рухани қазынасы саналатын «Кеңес», «Нәрағашы», «Келіншек», «Тепеңкөк», «Балбырауын», «Ертұран» сынды күйлерді орындады.
Іс-шара оқушылардың өнер арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгеруіне, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған. Бұл тек концерт емес – болашақ ұрпақтың ұлттық рухпен тәрбиеленіп келе жатқанының жарқын дәлелі. Сонымен қатар, блаларды қорғау күні қарсаңында Елордада «Әншуақ» балалар әндерінің республикалық фестивалі өтті. Ауқымды шығармашылық жобаға Түркістан облысының екі өнерпаз оқушысы қатысып, жүлдегер атанды. Атап айтқанда, Созақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің оқушысы — Сүйрік Құрманбек пен Қазығұрт ауданы «Қызылдала» мектебінің оқушысы — Айару Кәдірбек.
Айта кетерлігі, «Әншуақ» фестивалі Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы қатысты. Фестиваль аясында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ән шырқады. Биыл 1 ақпаннан бастап әлеуметтік желілерде #Әншуақ #Әншуақ2025 хэштегтерімен 22 мыңнан астам жанды дауыста балалар әндері жарияланған. Көпшілік тыңдармандар мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде іріктелген 13 үздік ән гала-концерт сахнасында шырқалды. Олардың екеуі Түркістан облысының жас өнерпаздары. Жеңімпаздарға дипломдар және арнайы марапаттар табысталады.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында Түркістан қаласында ҚР Оқу-ағарту министрінің «Бала үні – болашақтың үні» атты бастамасымен балаларға арналған «Балалар үні» өнер фестивалі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, балаларды айтулы мерекесімен құттықтады.
– Бұл ерекше күн – болашағымыздың жарқын бейнесі саналатын сүйкімді балаларға деген шексіз сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мерекесі. Әрбір баланың амандығы, бақытты балалық шағы – кез келген елдің, әр отбасының басты құндылығы. Біздің елімізде, облысымызда өсіп келе жатқан жасұрпақтың білімді, тәрбиелі, дені сау болып өсуіне барлық жағдай жасалып келеді. Мектептер мен балабақшалар бой көтеріп, түрлі мәдени-спорттық нысандар ашылуда. Бұл – Сіздердің болашағыңыз үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Фестиваль барысында облысымыздағы білім беру ұйымдарынан 20 мыңға жуық өнерпаз қамтылды. Бүгінгі қорытынды концертте сараптаудан өткен 600-ден астам оқушы өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар қоғамның назарын баланың дауысына аудару, балалардың мектеп, қала және ел өміріне қатысуын кеңейту үшін арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру бойынша балалардың пікірлері, идеялары мен тілектерін білдіруге арналған челлендж ұйымдастырылды.
Сондай-ақ өнер фестивалінде білім беру ұйымдары заманауи, тақырыпқа және талғамға сай жасалған ұлттық бұйымдар, әр түрлі заттардың қосынды шығармасы, тұрмыстық қолданбалы бұйымдар, оқушылардың жеке шығармашылық бұйымдары мен ұстаздармен біріккен композициялық жұмыстарының қолөнер көрмелері ұсынылды.
Оқушылар сахна төрінде ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттап, жасөспірімдердің туған өлкесіне деген сүйсіпеншілігін ұлттық өнер арқылы көрсетті.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елімізде алғаш рет кең ауқымды «Қазақстан балалары» атты онкүндік өтті. Аптаның әр күні балалық шақтың маңызды тақырыптарына – қауіпсіздік, шығармашылық, білім беру және тағы басқа салаларға арналды. Еліміз бойынша жалпы 45 мыңнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылып, оларға 5,6 миллионнан астам бала қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Балалар тақырыбына арналған 2 мыңнан астам материал республикалық және өңірлік телеарналар мен басылымдарда жарияланды. Көптеген балалар жаңалықтар мен бағдарламалардың кейіпкерлері, жүргізушілері мен қонақтары болды. Әлеуметтік желілерде #Қазақстанбалалары хештегімен 100 мыңға жуық жазба жарияланды.
Онкүндіктің жарқын сәттерінің бірі – балалардың Ақордаға, Оқу-ағарту министрлігіне экскурсиясы мен «Министрге хат» акциясы болды.
Еліміздің барлық өңірінде балалар мен әкімдер, әкім орынбасарлары арасында кездесулер өтті. Ауылдар мен қалаларда мәдени, білім беру және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Фестивальдер, шеберлік сағаттары, ашық сабақтар, кинотеатрларда, театрлар мен мұражайларда тегін көрсетілімдер өтті. Жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді.
Онкүндік Оқу-ағарту министрлігі мен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай акцияның ашылу салтанаты өтті. Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» кешенінің концерт алаңында “26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне” арналған кең ауқымды акцияның ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастар мен қоғам арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың зияны туралы ақпарат тарату және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Акция аясында түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, концерттік және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды.
Шараға жергілікті билік өкілдері, білім және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары белсене қатысты. Акция барысында мамандар нашақорлықтың алдын алу жолдары, емдеу әдістері және тәуелділіктен арылу тәсілдері туралы мағлұмат берді.
Іс-шара барысында жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, шара қонақтарына ерекше көңіл-күй мен патриоттық рух сыйлады. Олардың орындауындағы музыкалық және би қойылымдары көрермендер тарапынан жылы қабылданды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамның әрбір мүшесін нашақорлыққа қарсы күресте белсенділікке шақырып, бірлескен әрекеттің маңыздылығын көрсетеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасып, нашақорлыққа қарсы күрес тұрақты түрде жүргізілетін болады.
4315

Алдыңғы жаңалық

Индустриалдық аймақтағы өңірдің өндірістік әлеуетін жоғарылатады

Келесі жаңалық

280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі