Бүгін Талдықорған сотында судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесінің сотталғандардан моралдық және материалдық залал өндіріп алу туралы талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азаматтық талап қоюшылар Нұрымов, Бишимбиева және Кадированың моралдық және мүліктік залалды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылсын.
Жауапкер Абзал Шынасылдан талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишимбаева және Жұмабике Кадированың әрқайсының пайдасына 20 млн теңгеден моралдық зиян өндірілсін.
Жауапкер Равиль Сәкиевтен талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишимбаева және Жұмабике Кадированың әрқайсының пайдасына 15 млн теңгеден моралдық зиян өндірілсін.
Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалихамет, Равиль Сәкиевтан ортақ тәртіппен Гүлбара Бишимбаеваның пайдасына 10 млн теңге моралдық өтемақы өндірілсін.
Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалихамет ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал өндірілсін.
Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалихаметтан ортақ тәртіппен Жұмабике Кадированың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал өндірілсін.
Сотталғандарға моралдық өтемақыны өз еркімен төлеу үшін екі ай берілді. Осы мерзімде төлемесе, сот актісі мәжбүлі түрде орындалады.
Қылмыстық істің басты фигуранты Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды.