aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Вусонг университеті күзгі семестрге қабылдау басталғанын хабарлайды

9 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
Вусонг университеті күзгі семестрге қабылдау басталғанын хабарлайды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл университет Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр. Түркістан қаласы «облыс орталығы» атанғаннан бері Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылған болатын.
Түркістанда ашылған Woosong University-дің алғашқы халықаралық филиалы биыл қыркүйек айында жұмысын бастайды. Бұл – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігімен ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асып жатқан жоба.
WSUK – Орталық Азияда ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Университет Қазақстан студенттері мен жас мамандарына жоғары сапалы IT білімін, әсіресе жасанды интеллект пен деректер ғылымына баса назар аударуды ұсынады. Екі жылдық оқуын аяқтаған студенттер Оңтүстік Кореядағы Вусонг университетінде немесе әлем бойынша 630-дан астам серіктес университеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа кампуста не ұсынылады?
Жаңа кампуста ағылшын тілінде мынадай бағдарламалар ұсынылады:
* Жасанды интеллект және Data Science
* Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
* Киберқауіпсіздік
* Мультимедиа және веб-дизайн
Бағдарлама түлектері Оңтүстік Кореяда арнайы визалық бағдарламалар арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Болашағыңды WOOSONG-пен айқында — әлемге қадам бас!
Байланыс үшін:
+77770130207
+77056822033
70 жылдық тарихы бар кореялық «Woosong» университеті әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан. Өткен жылы аталған оқу ордасының төрағасы облыс басшылығыме кездесіп, келісімге қол қойған еді.
Бұл жоба үшін «Woosong» білім беру қорының төрағасы Ким Сун Кюн өңір басшысына алғысын жеткізген еді. Оның айтуынша, Түркістандағы университетте бәсекеге қабілетті студенттерді дайындауға бар жағдай жасалады. Woosong» университеті 30 жылдан бері шетелдің студенттерін қабылдап, білім беруде. “Біз өз тарапымыздан Түркістандағы университетті Орталық Азиядағы көшбасшы оқу орындарының біріне айналдыруға бар күшімізді саламыз. Студенттеріміздің бәсекеге қабілетті, білімді болуына барлық жағдайды жасаймыз» деген болатын Ким Сун Кюн.
Келісім бойынша, университетті ашу бағытындағы мәселелер жан-жақты талқыланған. Қос тарап бұл жоба бойынша тұрақты түрде ақылдасып тұруға уағдаласқан. Оңтүстік Кореяның Халықаралық істер департаментінің деканы Шим Хэк Чже бастаған «Woosong» университетінің өкілдері Корея елінің әлемдік деңгейдегі орнына тоқталып, университеттің тыныс-тіршілігін таныстырған. Қатысушылардың сұрағына жауап беріп, білім ордасы беретін мүмкіндіктер туралы ақпараттандырды.
Бұл университет – білім мен ғылымның, мәдениет пен тәжірибенің тоғысатын жаңа орталығы болмақ. Студенттер әлемдік деңгейде білім алып қана қоймай, халықаралық тәжірибеден өтуге, еңбек нарығында сұранысқа ие маман атануға мүмкіндік алады. Одан бөлек, «қос диплом» бағдарламасымен білімін Корея елінде жалғастыру, сол елде жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл бастама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей атсалысуымен жүзеге асырылуда. Халықаралық университет өкілдері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясатпен кездесіп, дайындықтарды да пысықтаған болатын.
Енді нәтижесінде аталған университет ақпараттық технология мамандықтары бойынша студенттер қабылдауға дайын.

Алдыңғы жаңалық

Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Келесі жаңалық

Түркістан облысының делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі