aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

17 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИДЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сала мамандарымен жиналыс өтіп, 4 мәселе қаралды. Аудандағы инфрақұрылым, туризм, заңсыз құрылыстар, дала өрт оқиғалары мен демалыс аймақтарындағы суға кету қаупінің алдын алу бағыттарындағы шаралар баяндалып, алдағы жоспарлар қаралды.
Төлеби ауданында 55 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Дегенмен, кейбір елді мекендерде су құбырларын жаңартып, жаз мезгілінде су тапшылығын жою қажет. Осы ретте Балдыберек өзен бойындағы 12 елді мекендегі 25 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту, су тапшылығын шешу мақсатында төрт жоба ұсынылды. Ал Леңгір қаласындағы ауыз су мәселесін шешу үшін «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағындағы Ақмешіт бұлағынан су тарту жоспарлануда. Сондай-ақ 12 елді мекендегі ауыз су сапасын жақсарту мақсатында қосымша ұңғымалар қазылуда.
Жиында дала өрттерінің алдын алу жұмыстары, шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары талқыланып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды. Төлеби ауданында биыл суға бату оқиғасы тіркелмеген. Осы ретте демалыс аймақтарындағы бассейндерге оқыс оқиғалардың алдын алу үшін туристік полиция бөлімін іске қосу, дәрігер мамандарын қызметке алу ұсынылды. Сондай-ақ, жол апаты жиі орын алатын аймақтарға сергек камераларын көбейту жоспарлануда.
Өңірдің су қорғау аймақтарындағы заңсыз құрылыс нысандарын анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу жалғасуда. Жалпы 85 нысан зерделеніп, заң талаптары сақталмаған 44 нысан иелеріне ескерту хат жіберілген. Хаттама түзіліп, тиісті шара қабылдау жөнінде ұсыныс берілді. Сондай-ақ, туристерді «E-Qоnaq» жүйесіне тіркеу жұмысы жанданады.
Зұлпыхар Сансызбайұлы жиын барысында тиісті сала өкілдеріне хаттамалық тапсырмалар жүктеп, олардың жүйелі орындалуы қатаң қадағаланатынын ескертті.
Сонымен қатар, З. Жолдасов Төлеби ауданынындағы өзекті мәселесі бар құрылыс нысандарын аралады. Алдымен Ленгір қаласындағы «3-кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстарын көрді. Бұл кәріздік тазарту қондырғысы тәулігіне 3500 м3 су өңдейді. Сондай-ақ қаладағы кәріз жүйесінің мәселесін түбегейлі шешу үшін №1,2 кәріз тазалау ғимараттарын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы қаралды.
Іссапар «Алатау» шағынауданындағы электр қосалқы станциясына жалғасты. Қала аумағын электр қуатымен қамтуға арналған станция құрылысы толығымен аяқталған. Қазіргі кезде құжаттарын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Маусым айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде, аудан орталығының «Қазығұрт», «Самал», «Алатау», «Шаңырақ» мөлтек аудандарындағы жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар сапалы электр энергиясымен қамтылады.
«Алатау» мөлтек ауданында автомобиль жолдарына 22,4 шақырым асфальт төсеу, суағар орнату, жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жер кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдерінде электр жүйелері, ауыз су құбырлары тартылған. Нысан құрылысы толығымен аяқталғанда 562 азамат жер теліміне ие болады.
Зұлпыхар Сансызбайұлы Ленгір қаласындағы N1 су жинақтаушы құрылғысының жұмысымен танысып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын жүйеге келтіруді тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

Келес ауданында 12 әлеуметтік жоба қолға алынды

Келесі жаңалық

«Балалары сапасыз»: кәсіби коуч қазақ әйелдері жиі бала туғаннан тез қартаяды дейді (ВИДЕО)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі