aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл 33 мыңнан астам түлек аттестат алады

19 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
Биыл 33 мыңнан астам түлек аттестат алады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңірінде мектеп бітіруші түлектердің аттестат тапсыру шараларына бақылау күшейтіледі. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға білім басқармасы, полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары, 17 аудан мен қала әкімдерінің орынбасарлары онлайн-офлайн форматта қатысты.
– 2024-2025 оқу жылында 1093 мектепте 553 мыңнан астам оқушы білім алса, оның 33 мыңнан астамы 11-сыныпты бітірді. Соңғы қоңырау кезінде тәртіп сақтау, түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырдыңыздар. Келесі кезекте аттестат тапсыру рәсімдерін мұқият қадағалау керек. Аттестат түлектерге тек мектептерде табысталады. Кеш өткізу бойынша зерделеу жүргізіңіздер. Ата-аналар, сынып жетекшілері, мектеп директорлары, кәсіпкерлерге заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіріп, келеңсіз жағдайларға тосқауыл қою қажет. Айыппұл салынатынын қатаң ескертіңіздер. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы бұл мәселеге баса мән беріп отыр. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда шара көрілетінін еске саламыз, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселеге қатысты баяндамалар тыңдалды. Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру іс-шараларының өткізілуі туралы, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ермек Өсербаев құқықтық тәртіпті сақтау, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Дүйсен Оразгелді таулы аймақтарға серуенге шығу барысында және суға шомылу кезіндегі келеңсіз жағдайларды болдырмау, үгіт-насихат жүргізу жөнінде сөз сөйледі. Сонымен қатар облыстық психологиялық қолдау орталығының директоры Оразкүл Қолдасова кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу жұмыстарына тоқталды. Төлеби, Түлкібас және Сайрам аудандары әкімдерінің орынбасарлары жоспарлар жайлы қосымша баяндады.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары аттестат тапсыру рәсімін бекітілген ереже мен талаптарға сәйкес, қауіпсіз және тәртіпті жағдайда өткізу, жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мектеп бітірушілердің қатысуымен болатын жиындарға бақылау орнату, мектепішілік және сынып жетекшілерінің оқушылармен тәрбиелік бағыттағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Осы сәтте, Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін ұядан ұшырды. Биыл мектепті 56 оқушы сәтті аяқтады. Бітірушілер халықаралық IELTS, SAT емтихандары бойынша мүмкін болатын 9 ұпайдың кем дегенде 7.0, 7.5, 8.0 нәтижесін көрсеткен. Сондай-ақ отандық және шетелдік ең үздік жоғары оқу орындарынан, атап айтқанда Назарбаев Университеті, Coventry University, The University of British Columbia, Hong Kong Baptist University, Arizona State University сынды оқу орындарынан шақырту алған оқушылар бар.
Мектеп оқушыларының соңғы бітіру кеші Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өтті. Салтанатты жиынға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ректоры Жанар Темірбекова, «Halyk bank» АҚ Түркістан облыстық филиалының басшысы Нұрбол Нұсқабеков, ата-аналар, ұстаздар мен түлектер қатысты. Түлектерге аттестат табыстау рәсімі мектеп тарихында тұңғыш рет өткізіліп, оқушылар музыкалық тарту ұйымдастырды. Сондай-ақ, әсерлі бейнероликтер көрсетіліп, естелік фотосессиялар жасалды.

Алдыңғы жаңалық

Инвестиция көлемі 7 жылда 4,2 есеге артты

Келесі жаңалық

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі