aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Экономиканы әртараптандыру кезек күттірмейтін мәселе

4 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Экономиканы әртараптандыру кезек күттірмейтін мәселе
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына қарасты стратегиялық дамуы маңызды аймақтартың бірі – Созақ ауданы болып саналады. Өйткені аудан экономикасы аймақта өндірілетін уран өндірісіне тікейлей бағынышты болып тұр. Тек бір сала арқылы дамуды емес, экономиканы әртараптандыру мәселесін қолға алу маңызды болып тұр. Осы тұрғыда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Оған басқарма басшылары, аудан әкімі және өзге де жауапты тұлғалар қатысты. Өңір басшысы ауданды дамыту жұмыстарын жандандыру маңызды екеніне тоқталды.
– Бүгін біз Созақ ауданын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудандағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналып отырмыз. Ауданның экономикасы уран өндірісіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты, салалық басқармалармен бірлесіп, экономиканы әртараптандыру жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Аграрлық салаға инвестиция тарту жұмыстары төмен деңгейде. Экономиканы әртараптандыру және жергілікті жобаларды іске асыру – стратегиялық міндет. Мемлекет тарапынан нақты қолдаулар көрсетіліп жатқанда ауылдық округ әкімдері тарапынан жауапсыздыққа жол беруге болмайды. Осыған байланысты 10 күн ішінде әр ауылдық округ кесіндісінде 2025 жылға жоспарланған жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты мерзімдерін көрсете отырып, салалық басқармамен келісіп, Жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік міндеттерді орындауға салғырт қараған әкімдердің тәртіптік жауапкершілігі қаралатынын қатаң түрде ескертемін. Біздің басты мақсатымыз – Созақ ауданының экономикалық даму әлеуетін толық пайдалана отырып, аудан тұрғындары үшін жағдай жасау. Ол үшін бәріміз бірлесе жұмыс атқаруымыз қажет, – деген Нұралхан Көшеров жауаптыларға тапсырмалар берді.
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, жергілікті бюджет кірістеріне биылғы бес айда 15 млрд. теңгеден астам қаржы түсіп, жоспар 3 млрд. 404 млн. теңгеге артығымен орындалды. 5 айдың қорытындысымен ауданда 380 млрд. 702 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 130,3 пайызға немесе 88 млрд. 609 млн. теңгеге артты. Аудан экономикасына 81 млрд. 509 млн. теңге инвестиция тартылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 156,4 пайызға немесе 29 млрд. 397 млн. теңгеге артқан. Аймақтың әлеуетін арттыра түсетін және халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп, инфрақұрылымдарды жақсартуға себеп болатын инвестиция тарту бағыты да қарқынды орындалып жатыр. Мысалы, 2027 жылға дейін ауданда 1 триллион теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, Созақ ауданының инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылды. «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында өткен жылы 26,5 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 3 трансформаторды ауыстырып берген болатын. Ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылып, жаңа трансформаторлар орнатылып жатыр. Жергілікті бюджеттен қосымша 362 миллион теңге қаржы бөлініп, 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар Шолаққорған — Созақ, Созақ — Қарағұр, Шолаққорған – Құмкент жолдарының 152 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Шолаққорған-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 7 арнайы техника, «Созақ сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 20 техника сатып алынған. Аудан орталығының аумағы 5 секторға бөлініп, ондағы 144 көшеге жауапты мекемелер бекітілген. Сондай-ақ аудан аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында 27 500 ағаш көшеті отырғызылған.
Мәжілісте жауапты басқарма басшылары мен облыс әкімі аппаратының өкілдері өз салалары бойынша ауданды дамыту бағытындағы олқы тұстарды баяндады. Облыс әкімі тарапынан тиісті тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді. Межені орындамаған ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, сын-ескертпе айтылды. Әлеуметтік саланы дамыту, инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру, «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер жүктелді. Ал жүктелген міндетті орындау қағаздағы есеппен емес, атқарылған жұмыспен өлшенетін болады.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Созақ орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі оммуналдық мемелекеттік мекемесінің» сексеуіл алқабында болып, көгалдандыру жұмыстарын қадағалады. Егілген сексеуілдердің жай-күйімен танысып, жауаптыларға жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді. 2021 жылдан бастап 24700 га алқапқа 29 млн. 400 мың түп сексеуіл көшеті отырғызылған. Бқл бағытта,ы жұмыстар жалғасатын болады.

Алдыңғы жаңалық

«Оңтүстік төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды

Келесі жаңалық

Баламасы жоқ банан өсіретін жылыжай өнімі сұранысқа ие

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі