aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шытырман

Шардарадағы туристік нысандарда демалушыларға қолайлы жағдай жасалуда

18 июля, 2025
in Шытырман
0
Шардарадағы туристік нысандарда демалушыларға қолайлы жағдай жасалуда
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтардағы туризмді дамыту, инфрақұрылымды жақсарту жөнінде үкіметке шұғыл тапсырма бергені белгілі. Бұл әсіресе халық тарапынан келіп түскен шағымдар негізінде жасалып отыр. Осы тапсырма шеңберінде Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Шардара» су қоймасы маңындағы туристік аймақтардың жұмысын тексерді. Жазғы демалыс маусымында жағажайлардағы санитарлық тазалық пен келушілердің қауіпсіздігі назарда тұрған мәселе. Салаға жауапты басшылар бірқатар туристік нысандарды аралап, қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылымның жай-күйі және тазалық талаптарының орындалу барысын көрді. Жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпе айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Тазалық, қауіпсіздік талаптарын сақтамағандармен заң шеңберінде жұмыс жүргізілуде.
Сонымен бірге жағажайларда құтқарушылар санын көбейту, суға тым жақын орналасқан сәкілерді талапқа сай алыстату, автотұрақты реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Маусым сайын «Шардара» су қоймасының айналасында жазғы демалыс жағажайлары көбейе түседі. Бірақ олардың қызмет көрсету деңгейлері талапқа сай ма? Осы мәселені көзбен көруге облысы басшысы Нұралхан Көшеров туристік аймаққа арнайы барып, жағажайдың жай-күйімен танысып қайтты. Демалыс жағажайларындағы басты түйткіл тазалық пен қауіпсіздік талаптары екені белгілі. Осы тұста облыс әкімі демалыс аймағына жауапты тұлғалармен кездесіп, көтерілген мәселелер төңірегінде тапсырмалар берді.
Бүгінде жағажай аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлері тарапынан қауіпсіздік талаптары қатаң қадағалануда. Бұл мәселелер басшылық тарапынан назарға алынып, жағажай аумағында құтқарушылар санын арттыру және ретсіз орналасқан сәкілердің орнын ауыстыру шаралары қолға алынды.
Мұнда рейдтік тәртіп шаралары күшейген. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Шардара» су қоймасының жағалауында рейдтік шаралар жүргізді. Нәтижесінде жағажай аумағында тәртіп бұзған азаматтарға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-2 бабы 1,2 бөліктерімен 15 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды. Сонымен бірге аталған Кодекстің 505 бабы, 1 бөлігімен 2 демалыс аймағының басшыларына абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта жол қауіпсіздігі бойынша 28 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оған тиісті шара көрілді. Заң талаптарын бұзған 5 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жалпы тәулік ішінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 45 хаттама толтырылған.
Мамандар тарапынан «Шардара» су қоймасының жағалауында және демалыс аймақтарында қоғамдық тәртіпті қаматамасыз ету және жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Демалыс орындарының мол шоғырлануы – өңірдегі туризм саласын дамытудың оң тетігі. Ал туризмі дамыған аймақ болу жолында тәртіп пен сапалы жұмыс жүргізу дұрыс шешім. Сондықтан тұрғындар мен жағажай маңында демалушыларға тазалық пен қауіпсіздік шараларын ұмытпауды ескертеміз.
Шардара – тек экономикалық емес, туристік әлеуеті жоғары аудан. Сондықтан мұндағы әрбір нысан мен табиғи аймақты тәртіпке келтіру – ортақ міндет. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аймаққа тағы да арнайы барып, Шардара жағажайы маңында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
Халықтың жаз мезгілінде жиі демалатын орнына айналған жағажай маңы тазартылды. Қауіпсіздік қызметі күшейтіліп, кезекші құтқарушылар жұмысы жолға қойылды. Суға жақын орналасқан сәкілер толығымен жағалаудан 50 метр қашықтыққа алшақтатылып, суға шомылу аймағында көліктердің қозғалысы шектелді.
-Бүгінгі күнге дейін орын алған олқылықтардың орны толтырылды деп ойлаймын. Бұл шаралардың бәрі демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жағажай инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Қазіргі таңда шомылу аймағы кеңейіп, тазартылып, азаматтарға жайлы әрі қауіпсіз демалыс орнына айналып отыр. Әлі де атқаратын жұмыс көп.Жағажай демалушыларына қолайлы жағдай жасап, жуынатын орынды, әжетхана мәселесін, тазалық шарасын дұрыс үйлестіру қажет , — деп жергілікті кәсіпкерлер мен әкімдік қызметкерлеріне арнайы тапсырма жүктеді.
Аталған жұмыстар облыс әкімдігінің қатаң бақылауында және жазғы шомылу маусымы бойы үздіксіз мониторинг жүргізіледі.

Алдыңғы жаңалық

Астанада базардан өрт шықты

Келесі жаңалық

Жүзім шаруашылығын дамыту қолға алына бастады

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі