aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте өтетін турнирге 25 елден 650 спортшы қатысады

26 июля, 2025
in Uncategorized
0
Шымкентте өтетін турнирге 25 елден 650 спортшы қатысады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, биылғы 16–30 тамыз аралығында өтетін стенд және нысана атудан Азия чемпионатына 25 мемлекеттен 650 спортшы қатысады.

Соңғы жылдары Шымкентте ұлттық спорт түрлері мен халықаралық жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Мәселен, былтыр жаңа ипподромда «Теңге ілу» спортынан ІІ Азия Кубогы өтіп, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында халықаралық жарыс ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия және еліміздің өзге өңірлерінен келген спортшылар теңге ілудің үш стилінде бақ сынады.

Биыл сәуірде Шымкент қаласының қолдауымен Азия Кубогы үшінші рет өткізілді. Өткен айда жаңа ипподромда алғаш рет теңге ілуден әлем чемпионаты өтті. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, қала әкімдігі және AlemAgro компаниясы ұйымдастырған бұл жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Ресей және Үндістан спортшылары қатысты. «Жеті құт», «Бес белес», «Қос құлаш» бойынша үздіктер анықталды. Бұған дейін Азия Кубогы өткен Шымкентте енді әлем чемпионатын өткізу де сеніп тапсырылды. Бұл — теңге ілудің халықаралық аренада дамуына ықпал еткен маңызды қадам. Сонымен қатар, жаңа ипподромда ұлттық спорт түрлерінен ірі жарыстар мен «Наурызнама» онкүндігі жоспарлы түрде өтіп келеді.

2024 жылдың шілдесіне дейінгі бір жыл ішінде қалада 359 аймақтық, республикалық және халықаралық спорттық шара өтіп, оған 75 528 адам қатысқан. Биыл дәстүрлі садақ атудан өткен «ZHAKSYKUL MERGEN CUP» Азия Кубогына Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Қытай және Өзбекстаннан 100 спортшы келді. Бұл сайыста Шымкент спортшылары қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Наурыз мерекесі кезінде бәйгеден Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңі өткізілді.

Аталған жарыс «Наурызнама» онкүндігі аясында ұлттық спортты насихаттау мақсатында өтті. Оған 3 мыңға жуық көрермен жиналды. Сонымен қатар, қыз қуу, теңге ілу, көкпар, аударыспақ жарыстары қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Ал сәуірде таэквондо ИТФ түрінен өткен Азия Кубогына 7 мемлекеттен 850-ге жуық спортшы қатысып, Шымкент спортшылары 7 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленді. Қала командалары өзге де спорт түрлерінен өткен жарыстарда үздік нәтиже көрсетті.

Жылдың екінші жартысында қалада тағы бірқатар маңызды спорттық жарыстар өтпек. Спорт басқармасының хабарлауынша, 16–30 тамыз аралығында стенд және нысана атудан Азия чемпионаты ұйымдастырылады. Жарыс Қазығұрт елді мекеніндегі «Shymkent Shooting Plaza» кешенінде өтеді. Бұл чемпионатқа 40 елден мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қазіргі мәліметке сәйкес, 25 мемлекеттен 650 спортшы тіркеліп үлгерген.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Машина жасау мен жөндеу мамандығына қызығатын жастар қатары артуда

Келесі жаңалық

Түркістан облысы көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі