aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Маңдайыма сыймадың ба, періштем?!»: Ұлдана Мырзуанның жұбайы қоштасу хатын жазды

19 ноября, 2025
in Uncategorized
0
«Маңдайыма сыймадың ба, періштем?!»: Ұлдана Мырзуанның жұбайы қоштасу хатын жазды
0
SHARES
68
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада жаралы адамды құтқаруға ұмтылып, опат болған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жантебірентерлік жазба жариялады. Дәрігер Әділет Зейнел отбасына тілекші болған халыққа алғыс білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың… Маңдайыма сыймадың ба, періштем, сен менің мәңгі жүрегімдесің», — деп жазған жарынан айырылған ол.

Дәрігер ендігі жерде тергеудің әділ өтуін қалайтынын жеткізді.

«Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін маған қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт және береке әкелген, Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген бүкіл қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын сұрап, қасында болып, дұға еттім. Сабыр сақтап, бәрін сабырға салдым. Ендігі тілегім соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар жазасын алуы тиіс!», — деді ол.

Кеше Ұлдана Мырзуан ауыр жарақаттан айықпаған күйі аурухана төсегінде қайтыс болды. Марқұм «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Еске салайық, 8 қараша күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан тұрғын үйдің кірпіш қасбеті мен кондиционері опырылып түсіп, бес адам зардап шеккен еді. Жарақат алғандар арасында жедел жәрдем қызметінің фельдшері Ұлдана Мырзуан да болған. Ол оқиға орнында зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан кезде үстіне екінші қабаттағы кондиционер құлап кеткен.

Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Астанада көз жұмған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Келесі жаңалық

Алматы әкімі елдің негізгі ядролық ғылыми институтының жұмысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі