aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттің қақ ортасындағы балалардың төбелесі: полиция қару туралы ақпаратты тексеріп жатыр

24 ноября, 2025
in Uncategorized
0
Шымкенттің қақ ортасындағы балалардың төбелесі: полиция қару туралы ақпаратты тексеріп жатыр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте сауда үйінің алдында бір топ жасөспірім тапа-тал түсте жұрттың көзінше кәмелетке толмаған балаларды соққыға жыққан. Жәбірленушілердің ата-анасы полицияға шағымданғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде 21 қараша күні Шымкент қаласындағы «Мега Планет» сауда орталығында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, бірнеше бала зардап шеккені туралы ақпарат тарады. Желі қолданушысы жазғандай, төрт адам кәмелетке толмаған оқушыларды таксиден күштеп шығарып, күзетшілердің көзінше аямай ұрып-соққан, тіпті қарудан оқ атқан. Балалардың беті көгеріп, мұрны сынған.

Шымкент полициясы бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді. Анықталғандай, қала тұрғыны біреулер кәмелетке толмаған ұлдарыма дене жарақатын келтірді деп полицияға арызданған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Оқиға қатысушылары ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді. Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірімдер бұрын-соңды таныс болған және олардың арасында қызғаныш себебінен жанжал шыққан. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, оқиға қатысушылары мен куәгерлерден жауап алынып жатыр», — делінген хабарламада.

Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиға орнында қару қолданылмаған.

«Алдын ала жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижелері мен куәгерлердің жауаптарына сәйкес, атыс қаруы немесе өзге де қару қолдану фактісі расталмады, алайда бұл жайт қосымша тексеріліп жатыр», — деді полициядағылар.

Кінәлі жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған. Ал олардың ата-аналары бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылып жатыр.

Барлық материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жолданып, тиісті құқықтық баға беріледі, деп атап өтті ПД.

Алдыңғы жаңалық

Алматыда білім беру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды

Келесі жаңалық

Қазақстанның қай өңірлеріндегі тасжолдарда көктайғақ болуы мүмкін: жүргізушілерге ескерту жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі