aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бас жоспарды жаңартқан соң Алматыда құрылысты бақылау күшейді

26 ноября, 2025
in Жаңалықтар
0
Бас жоспарды жаңартқан соң Алматыда құрылысты бақылау күшейді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда жаңартылған Бас жоспарды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жасалып жатыр. Бұл жұмыс сәулет-қала құрылысына бақылауды күшейтумен қатар жүреді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов хабарлағандай, қала ортасын дамыту саласындағы стратегиялық шешімдер Қала құрылысы кеңесі мен сәулет-құрылыстық бақылау органдары арқылы іске асырылады.

«Қала құрылысы кеңесі – қала үшін маңызды жобаларды қарастыратын алқалы консультативтік орган. Оның құрамына тәуелсіз сәулетшілер, осы саланың мамандары кіреді, олар жобалардың жүзеге асуына қоғамдық бақылау жасайды. Бұл ретте мемлекеттік органдардың қала құрылысы кеңесінде дауыс беру құқығы жоқ», – деді Бейбіт Шаханов.

2022–2025 жылы Кеңестің 26 отырысы өтіп, 395 жоба қаралғанымен, оның жартысы жуығы ғана – 47,8%-ы мақұлданған. Жобаны қараған кезде қасбет шешіміне, осы заманғы технологияны қолдануға, халықтың тығыздығын ескеріп, сәулеттің қоршаған құрылысқа сай болуына ерекше назар аударады.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы да аса маңызды бағыттың бірі саналады. Тек осы жылдың өзінде 1 300-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 350 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, 600-ден астам заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Әсіресе құрылыс-монтаж жұмысының сапасына, мердігерден бастап жобалау мен техникалық қадағалау ұйымдарына дейінгі құрылыс барысына атсалушылардың барлығының жауапты болуына аса көп көңіл бөлінген.

«Біз құрылыс-монтаж жұмысының орындалуына бақылауды күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл ретте лицензиядан айыру — нарықты сенімсіз компаниялардан тазартудың ең тиімді жолы болып отыр. Биыл 5 құрылыс компаниясы құрылыс жүргізу лицензиясынан айырылып, техникалық қадағалау қызметімен айналысатын 2 ұйымның аккредитациясы тоқтатылды», – деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Жыл басынан бері сотқа шамамен 80 талап-арыз беріліп, оның жартысы қанағаттандырылды. Талап-арыздың 42-сі нысандарды толық немесе ішінара бұзуға қатысты болған. Жалпы қала бойынша жыл басынан бері 38 заңсыз құрылыс бұзылып, тағы 70 нысанды алдағы уақытта бұзу жоспарда тұр.

Бейбіт Шахановтың айтуынша, басты мақсат – жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі әр процесс заң талабымен іске асатындай ететін тиімді бақылау жүйесін қалыптастыру.

Алдыңғы жаңалық

«Арам тамақ жеген»: Мөлдір Мұқанова Қайрат Әділгерейдің әйеліне жауап берді

Келесі жаңалық

Алматыда қаланың жаңартылған Бас жоспары жобасы бойынша көпшілікпен кеңеседі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі