aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мысыр баспасөзі Димаштың пирамидалар жанындағы концертіне талдау жасады

5 декабря, 2025
in Uncategorized
0
Мысыр баспасөзі Димаштың пирамидалар жанындағы концертіне талдау жасады
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Гиза пирамидалары маңында өткен «Пирамидалардың жаңғырығы» фестиваліндегі Димаш Құдайберген концерті Мысырдың ғылыми ортасы мен медиа кеңістігінде үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Азия зерттеулері мен аударма орталығының директоры, д-р Ахмед Мұстафа бұл оқиғаға арнайы аналитикалық мақала арнап, Димаш феноменінің мәдениетаралық байланыстардағы рөлін жан-жақты қарастырды.

Гиза жазығында ерекше өнер кеші өткен күн.Әлемге «алтыншы мұхит» дауысымен танылған қазақстандық вокалист Димаш Құдайберген адамзат өркениетінің ең көне орталықтарының бірі саналатын пирамидалар алдында жеке концерт өткізді.

Әнші сөзінде бұл кештің жеке гастрольдік концерт емес, мәдени дипломатияның символдық жобасы екенін атап өтті:

«Пирамидалар алдында ән айту тарихтың өзіне ән айту. Қазақстан да, Мысыр да ғасырлар бойы қалыптасқан даналыққа ие елдер. Мәдениеттерімізді асқақтық пен ата-бабаға деген құрмет біріктіреді. Менің дауысым сол байланысты жеткізетін құрал ғана», -деді Димаш.

Күн батқан сәтте пирамидалардың сұлбасы қараңғылықтан айқын көрінгенде, алғашқы әуендер кең жазыққа тарады.

Концерт бағдарламасы бірлік мен мәдени үндестік туралы музыкалық саяхат секілді құрылды.

Қазақ әндері мысырлық аспан астында жаңа өң мен кең тыныс беріп, даланың жусанды лебі мен қыран қалықтаған бейнесіндей әсер қалдырды.

Димаш қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерінде ән шырқап, көптілді вокалдық шеберлігін көрсетті.

Д-р Ахмед Мұстафа Димаштың өнерін тек музыкалық құбылыс емес, мәдени дипломатияның жаңа формасы деп бағалайды. Ол үш маңызды аспектіні атап өтеді:

1. Қазақстанның мәдени позициялануы
Бұл концерт Қазақстанның тарихи Мысырмен терезесі тең мәдени мемлекет екенін паш еткен іс-шара.

2. Халықтар арасындағы байланыс
Ресми дипломатиядан бөлек, халықтық мәдениет эмоциялық жақындастық қалыптастырады. Концерт екі елдің рухани сабақтастығын күшейтті.

3. Әмбебап тіл ретіндегі музыка
Орталық Азия даласының үні Африка пирамидалары етегінде жаңғырып, өнердің ұлт пен тілден жоғары тұрған күш екенін көрсетті.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда тағы бір жас фельдшер қызмет барысында жарақат алып, көз жұмды: министр көңіл айтты

Келесі жаңалық

Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов ЖОО басшыларымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі