aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Бауырларды ажыратқымыз келген жоқ»: Маңғыстауда ерлі-зайыпты бір үйдің бес жетім баласын асырап алған

11 декабря, 2025
in Uncategorized
0
«Бауырларды ажыратқымыз келген жоқ»: Маңғыстауда ерлі-зайыпты бір үйдің бес жетім баласын асырап алған
0
SHARES
97
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтау қаласында тұратын Бейсенбек Рысжанов пен Ляззат Абдашова есімді ерлі-зайыпты жетім қалған бес баланы бір-бірінен ажыратпай, асырап алған. Бауырлардың үлкені — 15 жаста, кенжесі — 4 жаста, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметіне сүйенсек, балалардың өмірге деген құлшынысы артқан.

«Ляззат Абдашованың айтуынша, шаңырақ құрғаннан кейін 3 жылдан соң тұңғышы дүниеге келген. Содан кейін ерлі-зайыпты сегіз жыл бойы сәбилі болуды армандаған. Осы кезеңде олар бала асырап алу порталына тіркеліп, ұсыныс түскенде бес бауырды бірге асырап алуға шешім қабылдаған», — деп хабарлайды дереккөз.

Айта кетері, балалар бұл отбасыға келмей тұрып, балалардың үлкені басқа отбасыға кетіп қала жаздаған екен.

«Бастапқыда үлкенін басқа отбасыға бермек болғанын естіп, барлығын бірге алуға өтініш білдірдім. Бесеуі де отбасымызға тез үйренісіп, бір-бірімен тату болып кетті. Балалардың жастары қатар болғасын бір-бірімен ойнап жақсы уақыт өткізеді. Балалар бірден мама деп атап кетті. Қазір бәрінің жағдайы жақсы, біз өте бақыттымыз, — деді Ляззат Абдашова.

Отбасының айтуынша, балалардың жағдайын жақсарту үшін олар баспанасын кеңейтіп жатыр екен.

«Біз өзіміз бес бөлмелі пәтерде тұрамыз. Бұл балалар да өзіміздің балалармен тең болсын деп үстіміздегі жоғарғы қабаттан төрт бөлмелі пәтер сатып алдық. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, екі пәтерді баспалдақ арқылы біріктіріп, әр балаға жеке бөлме жасауды жоспарлап отырмыз», — деді Ляззат Абдашова.

Алдыңғы жаңалық

Темірлан Анарбеков УЕФА марапатына ие болды

Келесі жаңалық

Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен екі бозбаланың мәйіті табылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі