aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мереке күндері Астана мен Алматыдан қосымша 100 әуе рейсі іске қосылады

17 декабря, 2025
in Uncategorized
0
Мереке күндері Астана мен Алматыдан қосымша 100 әуе рейсі іске қосылады
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әуежайлар мен әуе компаниялары мереке күндері жұмысты күшейтіп, қосымша 100 рейсті іске қосады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Мереке қарсаңында сұраныстың артуына байланысты келесі бағыттар бойынша 100 қосымша рейс ұйымдастыру жоспарланып отыр:

Астана – Алматы,
Алматы – Орал,
Алматы – Семей,
Астана – Түркістан,
Астана – Ақтөбе,
Алматы – Ақтау,
Алматы – Ақтөбе,
Астана – Шымкент.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен кеңесте осы мәселе пысықталды. Оған Air Astana, FlyArystan, SCAT, VietJet Qazaqstan әуе компанияларының, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары әуежайлары басшылығы қатысты. Ластаев авиация инспекторларына мерекелік күндері мониторингтік топтар құруды тапсырды.

Әуе компаниялары мен әуежайларға:

үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін әуе кемелерінің резервін және қосымша жерүсті техникасын қарастыру;
персонал құрамын тәжірибелі мамандармен күшейтіп, рейстер кешіктірілген жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету аясында ыстық тамақ пен сусындардың берілуін қамтамасыз ету;
рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларды ресми сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, әуежайлардағы ақпараттық таблолар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жедел хабардар ету тапсырылды.
«Әуе компаниялары мен әуежайлар қабылдап жатқан барлық шара, ең алдымен, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты объективті себептермен туындайтын рейстердің кешігуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.

Алдыңғы жаңалық

Баласына ақша аударып, досына қарыз берген адамдардың шоты тексеріле ме?

Келесі жаңалық

«Электр энергиясын өндіру 16 млрд киловатт-сағатқа артты»: Тоқаев энергетиктерді құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі