aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

 Конституцияның бірнеше бөлімі өзгеруі мүмкін

19 января, 2026
in Жаңалықтар
0
 Конституцияның бірнеше бөлімі өзгеруі мүмкін
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы журналист Тоқтар Жақаш әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Aggregator.kz. «Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламенттік реформа мәселелеріне арналған Жұмыс тобының отырысы өтті. Президент реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірқатар бөлімін қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жүргізілген жұмыстар жөнінде есеп беріп, ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы кең екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бастамалар елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған.
Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев азаматтардан келіп түскен ұсыныстар негізінде жаңа парламенттің құрылымы, депутаттар саны, өкілеттік мерзімі, сайлау тәртібі және заң шығару механизмдері бойынша нақты тәсілдер әзірленгенін жеткізді.
Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан eGov және e-Otinish платформалары арқылы саяси партиялардан, үкіметтік емес ұйымдардан және сарапшылардан көптеген ұсыныс түскенін айтты. Жалпы мемлекеттік құрылымды жетілдіруге қатысты 1,6 мыңға жуық бастама қаралған.
Мәжілістегі партия фракцияларының жетекшілері конституциялық реформаның маңыздылығын қолдап, қоғамның бұл өзгерістерге ерекше қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Отырысты қорытындылаған Президент Тоқаев: «Елімізде жаңа саяси жүйе қалыптасуда. Парламенттік реформаны толық іске асыру үшін Конституцияның бірнеше тарауына өзгерістер енгізу қажет. Ұсынылып отырған түзетулер Қазақстанның шын мәнінде жаңарған Ата заңы туралы айтуға мүмкіндік береді», – деп жазды журналист».

Алдыңғы жаңалық

Мерзімді әскери қызметтегі азаматтар енді кредит ала алмайды

Келесі жаңалық

Қыстың қақ ортасында Павлодар тұрғындары жылусыз қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі