Астананың ескі вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстары биыл күзде бір-ақ аяқталады. Көлік министрлігі вокзалдың реконструкциядан кейінгі фотосын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалын қайта жаңарту барысымен танысқан.
«Жұмыс сапары барысында вице-министр қазір негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан вокзал кешенінің жаңа бөлігін қарап шықты. Қайта жаңарту нәтижесінде вокзалдың жалпы аумағын 7 827 шаршы метрден 8 409 шаршы метрге дейін ұлғайту көзделген. Вокзал кешенінің жаңа бөлігі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы осы жылдың қазан айының соңына дейін жоспарланып отыр», — делінген министрліктің хабарламасында.

