aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Салықтық әкімшілендіру және кәсіпкерлік

Қазақстанда микро және шағын бизнес үшін салық әкімшілігі «Таза парақ» қағидаты бойынша өзгереді

26 января, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Үкіметі микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді қайта қарау туралы шешім қабылдады. Қабылданған шаралар кәсіпкерлерге түсетін жүктемені азайтуға және экономиканы қолдауға бағытталған.

Қандай ережелер бекітілмек

Ұсынылған құжатқа сәйкес:

  • микро және шағын бизнес субъектілерінің қызметін тоқтату және тарату тәртібі;
  • 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген салық берешегі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары;
  • қосылған құн салығы бойынша тіркеуге уақытында тұрмағаны үшін салынған айыппұлдарды жою тәртібі бекітіледі.

Аталған ережелердің жобалары 2026 жылғы 12 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Олардың 2026 жылғы ақпан айының басында күшіне енуі жоспарланып отыр.

Камералдық бақылаудағы өзгерістер

2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты есептілікке камералдық бақылау жүргізілмейді. Дегенмен бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Олар:

  • резидент емес тұлғалардың табыстарына салық салу;
  • 17 желтоқсаннан кейін тапсырылған қосымша есептілік;
  • есептілікті кері қайтарып алу жағдайлары;
  • салық төлеушінің өз бастамасымен камералдық бақылау жүргізу;
  • ҚҚС-ты бюджеттен қайтару кезінде қызмет көрсетушілерге қатысты тексерулер.

Мұндай шектеулер 2025 жылдың екінші жартысы мен төртінші тоқсаны бойынша салық міндеттемелерін төмендету тәуекелін азайту мақсатында енгізілген.

Салықтық тексерулер мен сот істері

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдер бойынша салықтық тексерулер жүргізілмейді. Бұған дейін тағайындалған тексерулер, қарсы тексерулер, қылмыстық істер аясындағы жағдайлар, прокуратура талаптары, жер қойнауын пайдалану және камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бұл тыйымға кірмейді.

Сонымен қатар микро және шағын бизнес субъектілері арасында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мәмілелер мен тіркеу әрекеттерін жарамсыз деп тану жөніндегі талап-арыздар беру тоқтатылады. Бұл құқық қорғау органдарының материалдары негізінде қозғалған істерге қолданылмайды.

Әкімшілік жауапкершілік

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске ҚҚС бойынша тіркеуге кеш тұрғаны, тіркеусіз айналым жасағаны және 2026 жылға дейінгі кезеңдер үшін салық есептілігін тапсырмағаны үшін әкімшілік істер қозғалмайды.

Бұл шаралар не үшін енгізіледі

Қабылданған өзгерістер «Таза парақ» қағидаты аясында жүзеге асырылуда. Ол кәсіпкерлерге әкімшілік және қаржылық қысымды азайтуға, сондай-ақ жаңа салықтық талаптарға бейімделуге мүмкіндік беруге бағытталған.

Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Қаржы министрлігі 2026 жылы микро және шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептемеу мәселесін қосымша пысықтап жатыр.

Еске сала кетейік, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Кейін бұл тапсырманы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктеді.

Жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Алдыңғы жаңалық

Конституциялық реформа

Келесі жаңалық

Қазақстанда 26 қаңтарға ауа райы: аяз бен бұрқасын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі