Латвиялық теннисші Елена Остапенко Австралия ашық чемпионатының жұптық жарысының ширек финалында Германия өкілі Лаура Зигемундтың бетіне қатты доп тигізді.
Оқиға Се Шувэй (Тайвань)/Остапенко – София Кенин (АҚШ)/Лаура Зигемунд матчындағы соңғы геймдердің бірінде болды. Остапенко допты қарсыластардың алаңына қатты соғып, неміс спортшысын аяқтан тайдырды.
Оқиғадан кейін Зигемунд ойын жалғастыру үшін тез арада тұрды, ал Остапенко қолын көтеріп, кешірім сұрады.
Айта кетейік, Қазақстандағы теннис әуесқойлары Остапенконы 2023 жылғы мамырда Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинамен болған оқиғадан кейін есінде сақтап қалды. Сол кезде латвиялық спортшы эмоциясын баса алмай, Рыбакинаға қатысты орынсыз сөздер айтқан.
Бұл Остапенконың мансабындағы жалғыз дау жанжал емес. Мысалы, 2023 жылғы “Ролан Гаррос” турнирінде ол жанкүйердің біріне ашуланып, сөздерін қатаң жеткізген.
Ал Australian Open 2026-де Остапенко/Шувэй жұбы ширек финалға жетті. Келесі матчта жеңіске жетсе, олар Қазақстанның тағы бір теннисшісі Анна Данилинамен кездесе алады.
El pelotazo en la cara de Ostapenko a Siegemund que está dando que hablar en el #AO26
Ambas tenistas no se llevan precisamente bien pic.twitter.com/YXV4AJtcvT
(Остапенконың Зигемундтың бетіне тигізген допы #AO26 турнирінде көп талқыланып жатыр
Екі теннисші бір-бірімен аса жақсы қарым-қатынаста емес )
Еске сала кетейік, бұрын Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Australian Open ширек финалына шыққан.
Ал әлем чемпионы, шахматшы Жансая Абдумалик аналықтағы қиындықтар туралы айтып берді.
