aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Әйелі мен енесін таяғы сынғанша ұрған: Қаскелеңде ер адамның жауыз әрекеті видеоға түсіп қалды

27 января, 2026
in Uncategorized
0
Әйелі мен енесін таяғы сынғанша ұрған: Қаскелеңде ер адамның жауыз әрекеті видеоға түсіп қалды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында адам шошырлық оқиға болды. Ер адам әйелі мен енесі тұратын үйге келіп, екеуін де өлімші етіп сабап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйел адамның сөзіне сүйенсек, күйеуімен қазір ажырасу үстінде жүр. Ал ұрып-соғып кету ол үшін қалыпты жағдайға айналған. Белгілі болғандай, бұл жолы күректің сабымен анасы екеуін соққының астына алған. Адам шошырлық оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеоға назар аударсақ, ер адам қолындағы таяғымен қақпадан кіріп, әйелін бірнеше мәрте ұрғанын, соққының қатты болғаны соншалық, ағаштың бір бөлігі сынып кеткенін байқауға болады. Ер адам оларға араша түспек болған келіншектің анасын да сол таяқпен бірнеше рет ұрады. Артынша аулада тұрған көліктің терезелерін шағып, жүргізуге жарамсыз етіп кетті.

«Ол мені кезекті рет ұрып-соқты. Көлігімді де бүлдірді. Соққыдан қолым сынып кеткендей. Күректің сабымен аяғымды, арқамды оңдырмай ұрды. Анамды да соққыға жықты. Үйіміздің терезесін шағып тастады. Сол қолымды мүлдем сезбей тұрмын. Бет-аузым қан-қан. Әпкемді де ұрып тастады. Бұл қаншалықты жалғаса бермек?! Балаларымыз себеп болады. Оларды алып кеткен сайын ұрып-соғады. Полицияны шақырып қойдым. Қазір күтіп отырмын. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Прокуратураға да арыз жазамын», – деп әйел адам көз жасын ұстай алмай, болған жағдайды баяндап берді.

Агенттік тілшісі оқиға бойынша Алматы облысының Полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Алдыңғы жаңалық

Тоқаев: Цифрландыру жүйесіз, бюджет ысырап, «ұрлыққа» ұқсайды – біртұтас экожүйе керек

Келесі жаңалық

Семейдегі сталкинг: 24 жастағы бойжеткен тұрғындардың үрейін туғызды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі