aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қорғаныс министрі әскердегі сарбаздарға туыстарымен бейне қоңырау арқылы сөйлесіп тұруға рұқсат берді

28 января, 2026
in Жаңалықтар
0
Қорғаныс министрі әскердегі сарбаздарға туыстарымен бейне қоңырау арқылы сөйлесіп тұруға рұқсат берді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2026 жылдың басынан бері Қазақстанның Қарулы Күштерінде екі сарбаз қаза тапқан. Осыған байланысты, Қорғаныс министрі қарамағындағыларға алты нақты тапсырма берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бұл кешенді шаралар әскердегі оқыс оқиғаларды азайтады деген үмітте.

«Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскери қызметшілер қаза болды, осыған байланысты Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына және жақындарына шынайы көңіл айтады. Қарулы күштердің басшылығы болған жағдайдың барынша ауыр екенін және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктің толық көлемін терең түсінеді. Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасы бойынша мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған шұғыл шаралар кешені қабылданды», — деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Дәлірек айтсақ, Қорғаныс министрі мынандай алты міндет жүктеген:

Бірінші. Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен әскери тәртіпті бақылау күшейеді. Қару-жарақты пайдалану, сабақтар өткізу, атыс жаттығулары мен тапсырмаларды орындау кезінде жарғылық талаптар мен қауіпсіздік шараларын сақтау талаптары қатаңдайды.

Екінші. Әскери бөлімдерге Қарулы Күштердің жеке құрамын кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссиялар жіберілді. Әскери қызметшілердің психикалық жай-күйіне, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық дайындық деңгейі қайта бағаланып жатыр.

Үшінші. Командирлер мен сержанттық құрамның жеке жауапкершілігі күшейеді. Негізгі назар оқыс оқиғалардың алдын алуға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Төртінші. Әскери полиция күштерімен әскери бөлімдерде жан-жақты тексерулер ұйымдастырылды. Жеке құрамға бақылау, бейнебақылау, оның ішінде қызметтен тыс уақытта да, күшейтілді.

Бесінші. Тәулік бойы бақылау еніп, құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алуға бағытталған қосымша профилактикалық шаралар қабылданды.

Алтыншы. Әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты бейнебайланысы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар бөлімше командирлері ата-аналармен ресми байланыс арналары арқылы тұрақты түрде байланыста.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметін өтеп жүрген сарбаз кезекшілік кезінде мерт болды. Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, жауынгер өз-өзіне оқ атқан. Ал, арада екі күн өте Жамбыл облысында сарбаз қару ұстап жүргенде жарақат алып көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.

Алдыңғы жаңалық

«Соңғы ескерту»: әлдекімдер Мақпал Жүнісованың әпкесіне хат жазып, әншіні қорқытқан

Келесі жаңалық

Тоқаев Қазақстанда жарты миллион адам «отырған» 123 чат туралы айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі