aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Бұл – адамгершілік мәселесі»: Қазақстанда айлап комада жатқан адамдар мемлекеттен жәрдемақы алатын болды

30 января, 2026
in Жаңалықтар
0
«Бұл – адамгершілік мәселесі»: Қазақстанда айлап комада жатқан адамдар мемлекеттен жәрдемақы алатын болды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда комада жатқан азаматтарға жәрдемақы рәсімдеу мүмкіндігі пайда болады. Бұған дейін жеке өтініш пен қолтаңба талап етілгендіктен, өз еркін білдіре алмайтын адамдар әлеуметтік көмексіз қалып келген. Енді Мәжіліс депутаттары заңға түзету енгізіп, осы олқылықтың орнын толтырмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Айлап комада жатқан адамдар бар. Олар өз еркін білдіре алмайды, өтініш жаза да, қол қоя да алмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке өтінішсіз мүгедектікті рәсімдеу, кейін жәрдемақы мен ТСР алу мүмкін емес. Біз бұл жағдайды қазір өзгертіп жатырмыз. Түзету бердік. Енді комада жатқан адамның заңды өкілдері оның атынан өтініш беріп, мүгедектікті рәсімдей алады, ал кейін жәрдемақыларды, ТСР мен басқа да қажетті әлеуметтік көмекті ала алады. Бұл – адамгершілік мәселесі», — деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желіде.

Естеріңізге салайық, Қызылордада пневмонияға шалдыққан ер адам 1,7 жылдан бері комадан оянбай жатқаны туралы жазған едік. 49 жастағы Ержан Әзенов 2024 жылдың жазында өкпесі ауырып, ауруханаға барған. Дәрігерлерге қаралған соң үйден емделемін деп үйіне сұранған. Таксиге мінгеннен кейін жағдайы нашарлап, жүрегі бірнеше минутқа тоқтап қалған көрінеді. Ауруханаға жеткізілген соң науқас комаға түскен.

Алдыңғы жаңалық

«Нипах вирусы тараған елдерге бармаңыздар»: комитет қазақстандықтарға ескерту жасады

Келесі жаңалық

Астанада көлігімен итті сүйреген жүргізуші ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі