aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Лукашенко әйелдерге сұлулық туралы күтпеген кеңес берді

Беларусь президенті Александр Лукашенко әйелдердің әдемі әрі жас болып жүруі үшін өз ойынша ең тиімді тәсілді атады.

30 января, 2026
in Билік, Жаңалықтар
0
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Беларусь президенті Александр Лукашенко әйелдерге сұлулықты қалай сақтау керектігі жөнінде күтпеген кеңес айтты. Ол бұл туралы кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында мәлімдеді.

«Сіздер әдемі болғыларыңыз келеді ғой. Түрлі “химияны” бетке жағып, денеге жағып, балмен сыланып, моншаға барып жүресіздер – мен мұның бәрін білемін, түсінемін. Бірақ сұлулық үшін ең жақсы “бал” — қолыңа күрек алып, қар тазалау. Сеніңіздер: бұл – ең тиімді құрал. Сонда әрқашан жас әрі сұлу боласыздар. Біз, еркектер үшін де қалаулы боласыздар», – деді Лукашенко әйелдерге қарата сөйлеп.

Сондай-ақ Беларусь басшысы жиында отырған шенеуніктерге республикада жарияланған Беларусь әйелі жылы халықтың есінде қалатындай шаралар ұйымдастыруды тапсырды.

«Біз не істеуіміз керек, қандай шаралар өткізуіміз қажет? Ер адамдарға қарамаңыздар. Олар бәрібір өз орнын табады. Біз бәріміз – подкаблучникпіз. Сондықтан ойлаңыздар. Не айтсаңыздар, соны жасаймыз», – деді ол.

Лукашенконың айтуынша, әйелдер бұл жылды ұмытпау үшін аптасына немесе айына кем дегенде бір маңызды іс-шара өткізілуі керек. Себебі «келесі жыл әйелдер жылы болуы екіталай».

Еске салайық, 2019 жылы Беларусьтегі парламент сайлауы кезінде Александр Лукашенко депутаттардың кемінде үштен бірі әйелдер болуы керек екенін айтқан. Оның пікірінше, бұл жағдайда парламент тұрақты жұмыс істеп, ер депутаттар «артық қылық жасамайды».

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанмен жолы болмай жүр: жұлдызды футболшы Еуропада тағы сәтсіздікке ұшырады

Келесі жаңалық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі