Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында болды. Қылмысты жасаған деп қайтыс болған әйелдің күйеуі күдіктелуде. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жұбайлар арасында тұрмыстық сипаттағы дау болып, ол трагедиямен аяқталған.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімі (Қасақана адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
