Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойылды.
Сонымен қатар, Президент Қазақстан Үкіметі мен Франция Үкіметі арасындағы адамдарды қайта қабылдау (реадмиссия) келісімін ратификациялау туралы заңға да қол қойды.
Бүгін сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халық Республикасының Саяси кеңесшілер комитеті тұрақты комитетінің мүшесі, Гонконг Қытай жалпы сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэнді қабылдады.
Сонымен бірге Президент Азиаттық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяимен кездесті.
