«Зенит» ресми әлеуметтік желілерінде Джон Дуранның клуб сапына қосылғанын хабарлады. 22 жастағы колумбиялық шабуылшы осы маусымның соңына дейін, яғни 2025/26 жылдар маусымына дейін жалға алынған.
Негізгі келісім-шарт әлі де саудиялық «Аль-Наср» командасына тиесілі. Сол жерде Португалия ұлттық құрамасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду да ойнайды.
https://www.instagram.com/p/DHMxR5FSGfL/?igsh=cWN5cHc1bW1kaHVr
Айта кетейік, Джон Дуран қосылған «Зенит» клубында Қазақстаннан Нуралы Алип қорғаушы ретінде ойнайды. Ол 2022 жылдың басында алматылық «Кайраттан» уақытша жалға алынған еді, ал сол жылдың жазында петербургтік клуб оның келісім-шартын толық сатып алды.
https://www.instagram.com/p/DQHsWymAlTD/?igsh=MTBqeWkyYWs1Z3RyMw==

