Астана қаласы
11 ақпан
Ауа райы құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ пен боран күтіледі. Кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, секундына 9–14 метрге жетеді, екпіні 20–23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –13…–15 градус шамасында болып, күндіз біртіндеп төмендейді.
12 ақпан
Жауын-шашынсыз, аспан жартылай бұлтты. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с. Түнде ауа температурасы –23…–25 градусқа дейін төмендеп, күндіз –17…–19 градус болады.
13 ақпан
Бұлт аралас ашық ауа райы сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан баяу соғады (2–7 м/с). Түнгі аяз –25…–27 градусқа дейін жетіп, күндіз –13…–15 градус шамасында болады.
Алматы қаласы
11 ақпан
Аспан құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, кешке қарай әлсіз тұман түсуі мүмкін. Жел бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +8…+10 градусқа дейін жылынады.
12–13 ақпан
Бұл күндері де ауа райы тұрақсыз болады: кей уақыттарда жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады (3–8 м/с). Түнде –3…–5 градус, күндіз 0…+2 градус шамасында болады.
Ел аумағындағы ауа райы
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде мол жауын-шашын күтіледі. Одан кейін антициклон әсерінен ауа райы күрт суытып, кей өңірлерде аяз –30 градусқа дейін жетуі мүмкін.
