aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Билік

TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты өз еркімен қызметтен кететінін мәлімдеді. Оның қала тұрғындарына арналған үндеуі 11 ақпан, сәрсенбі күні Талғар қаласы әкімдігі аппаратының ресми Instagram парақшасында жарияланды.

12 февраля, 2026
in Билік, Жаңалықтар, Әлеумет, Өңірдегі өзгеріс
0
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әкім өз мәлімдемесінде алдымен сайлауда қолдау білдіріп, сенім артқан барша тұрғындарға алғыс айтты. Оның айтуынша, халықтың қолдауы үлкен жауапкершілік жүктеген.

«Денсаулығыма байланысты қызметімді тоқтату туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім маған оңай тиген жоқ. Біраз уақыт еңбек демалысында болдым. Қызметтік міндеттерімді толық әрі жауапкершілікпен атқаруға денсаулық жағдайым кедергі келтірмеуі үшін осындай қадам жасау дұрыс деп санадым», — деп жазды Әбілқайырұлы.

Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі қызметін бір жыл екі ай атқарды. Осы уақыт ішінде қалада әлеуметтік-экономикалық дамуға, инфрақұрылымды жаңартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол Талғар ауданының әкіміне, әріптестеріне, қала тұрғындарына және ақсақалдарға көрсеткен қолдаулары үшін ерекше ризашылығын білдірді.

«Алдағы уақытта да қаланың дамуына бейжай қарамаймын, тұрғындардың игілігіне бағытталған бастамаларды қолдай беремін. Баршаңызға зор денсаулық, амандық пен табыс тілеймін», — деді ол.

Арыстанбек Әбілқайырұлы Талғар қаласының әкімі болып 2024 жылдың желтоқсан айынан бері қызмет атқарды. Бұған дейін коммуналдық шаруашылық саласында еңбек еткен, жергілікті мәслихат депутаты болған. Отбасында жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.

Айта кетейік, Әбілқайырұлы TikTok желісінде жарияланған бейнероликтердің бірінен кейін күтпеген жерден танымал бола бастады. Оның парақшасына тек Талғар тұрғындары ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де қолданушылар жазыла бастаған.

Бұған дейін шенеунік әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы күнделікті жұмыс барысын халыққа жақын көрсетуге мүмкіндік бар екенін айтқан еді.

Алдыңғы жаңалық

Павлодарда Қызыл кітапқа енген құстарды сыртқа сатып келгендер ұсталды

Келесі жаңалық

Қазақ қыздарын қорлаған стримерлерге 10 жылға дейін жаза қаупі бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі