
Не белгілі
Әлеуметтік желілерде ауыр кадрлар тарады. Бейнежазбада жерде жатқан, жарақат алған ит көрінеді. Оның мойнына шынжыр тағылып, көлікке бекітілгені байқалады. Жазба авторының айтуынша, оқиға 12 ақпанда болған. Сондай-ақ иттің тірі екені айтылған.
Полиция не дейді
Алматы қалалық полиция департаменті аталған жағдай бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады. Көлік иесінің жеке басы анықталған.
Полиция мәліметінше, ол жануарға қатыгездік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Құқық қорғау органдары жануарларға қатысты зорлық-зомбылық деректері заңға сәйкес тіркеліп, тексерілетінін еске салды.
Қазақстанда жануарларға қатыгездік жасағаны үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 407-1-бабына сәйкес айыппұл мөлшері 5-тен 40 АЕК-ке дейін.
Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша ауыр зардап келтірілген жағдайда ірі көлемде айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделген.
Айта кетейік, қаңтар айында ұқсас жағдай Астана қаласында да тіркелген болатын.

