aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Елордада «Астана Тазалықтың» атын жамылған адамдар қайыр тілеп жүр

16 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Елордада «Астана Тазалықтың» атын жамылған адамдар қайыр тілеп жүр
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада тазалық қызметкерінің формасын пайдаланып, қайыр тілеп жүргендер пайда болды. Желі қолданушылары оларға ақша аударғанын жазып жатыр, деп хабарлайды  Aggregaror.kz Azattyq Ruhy басылымына сілтеме жасай отырып.

«Жасыл квартал» тұрғын үй кешені орналасқан ауданда коммуналдық қызмет формасына ұқсас жилет киген, қолдарына күрек ұстаған екі әйел жүр. Олар өздерін «Астана Тазалық» қызметкерлері ретінде таныстырып, көшеде кетіп бара жатқан адамдардан тамаққа ақша сұрайды. Мен де аяп кетіп, нөміріне ақша аудардым. Біраз уақыттан кейін оларды All Off Burger мейрамханасынан көрдім. Мәз болып тамақ ішіп отырды. Олар ешқайда асыққан жоқ. Тамақты да оларға басқа адамдар алып берген. Сол уақыт аралығында олардың жұмыс істеп жүргенін көрмедім, тек ақша жинап жүр. Алаяқтарға ақша бермеңіздер», — деп жазды желі қолданушысы.

Автордың жазбасын көп адам қолдап, олар да дәл осылай белгісіз тазалық қызметкерлеріне ақша жібергендерін жазып жатыр.

«Осындай адамдарды жазда көрген едім. Олар осылай полициядан жасырынып жүр», «Менен де осындай киім киген екі шетелдік ер адам тамаққа ақша сұраған, мен бердім. Кейін көргенімде олар әлі сол жерде жүрді, мені көрмегендей түр танытты. Схема өте ұқсас екен», — деп жазған олар.

Жазбаға қатысты «Астана Тазалық» мекемесі жауап беріп, өз қызметкерлерінің формасын көрсетті.

«Қаланың тазалығымен тек «Астана Тазалық» кәсіпорны ғана айналыспайды. Біздің қаламызда тәртіпті сақтауға басқа жеке ұйымдар да үлес қосады. «Астана Тазалық» қызметкерлерінің арнайы жұмыс формасы жасыл және қара түсті болады. Көріп отырғаныңыздай, бұл адамдардың формасы басқа үлгідегі. Яғни, олар біздің кәсіпорынға қатысы жоқ», — делінген кәсіпорынның хабарламасында.

Алдыңғы жаңалық

«Алматы, Қонаев, Талдықорған көшелеріне әскери техника шығады»: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Келесі жаңалық

Тоқаев Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі