aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Астанада гимнаст қыздар залсыз қалды: әкімдік жауап берді

17 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Астанада гимнаст қыздар залсыз қалды: әкімдік жауап берді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елорда әкімдігі көркем гимнастикаға арналған жаттығу залына қатысты жағдайға пікір білдірді. Астана билігінің мәліметінше, спорт мектебі қазір жаңа орын іздеп жатыр, — деп хабарлайды Aggregaror.kz Tengrinews.kz. басылымына сілтеме жасай отырып.

Ата-аналардың айтуынша, оларға 1 наурыздан бастап «Думан» спортзалында жаттығу болмайтыны туралы хабарлама келген. Себебі ғимараттың жаңа иесі залды әрі қарай жалға бермейтінін айтылған.
Мәлімдемеде Астанада параметрі жағынан дәл келетін басқа зал жоқ екені айтылған.

«Думан» спорт залының ғимараты — жеке меншік нысан, ол мемлекеттік меншік объектісі емес, сондай-ақ, Астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағына кірмейді. Бұған байланысты Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл нысанға қатысты өкілеттілікке ие емес, сондай-ақ, оның әрі қарай пайдаланылуына немесе функциялық мақсатын өзгертуге байланысты шешім қабылдай алмайды. Бұл мәселелер азаматтық-құқықтық қатынастар аясында реттеледі және меншік иесінің құзыретіне жатады», — деп жауап берді әкімдік Tengri Sport сұрауына.
Сонымен қатар, жауапта қолайлы ғимарат іздеу жұмыстары жалғасып жатқаны нақтыланған.

«Қазір КММ «№1 ОРМБЖСМ көркем гимнастикамен айналысуға арналған, арнайы талаптарға сай келетін балама спорт залын іздеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде төбе мен залдың аумағы сияқты өлшемдер ескеріледі», — делінген әкімдік мәлімдемесінде.
Айта кетейік, «№1 ОРМБЖСМ»-мен бір базада «Izumrud» гимнастика мектебі де жаттығады. Олар әлеуметтік желіде 1 наурыздан бастап сабақтардың басқа жерде — «ALFA GYM» спорткешенінде өтетінін хабарлап қойған.

«Жекеменшік мектепке зал табылды, барлық бала соған ауысады. Бұған дейін «Izumrud» олимпиадалық резерв мектебімен бір залды бөлісіп келген, өйткені «Думандағы» орын әрі бастаушыларға, әрі Олимпиада мен Азия ойындарына дайындалып жүрген спортшыларға да қолайлы еді. Бірақ «Izumrud» тапқан жаңа зал ОРМБЖСМ-ға жарамайды, себебі төбесі тым аласа», — деп Tengri Sport тілшісіне гимнастика жаттықтырушысы әрі «Izumrud» мектебінің құрылтайшысы Меруерт Балғынбаева айтып берген.

Маманның сөзінше, Астанадағы бірде-бір жекеменшік гимнастика мектебінде олимпиадалық резерв деңгейіндегі спортшыларды дайындауға қажет биіктігі 14,5 нысан жоқ.

Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады

Келесі жаңалық

Қазақстанда экологиялық автомобиль мен авиация отынын өндіретін зауыт салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі