aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таразда 13 жастағы қыз баланы екі ер адам көлігіне отырғызып, ұрлап әкетпек болды

18 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Таразда 13 жастағы қыз баланы екі ер адам көлігіне отырғызып, ұрлап әкетпек болды
0
SHARES
35
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Таразда 13 жастағы қыз баланы белгісіз екі ер адам көлігіне күштеп отырғызып, ұрлап кетпек болды, деп хабарлайды Aggregator.kz Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасай отырып.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі Тараз LIFE парақшасында жарияланды. Жазба авторының айтуынша, аялдамада тұрған қыз балаға екі ер адам жақындап, көлігіне отырғызып әкетпек болған. Осы сәтте аялдама маңында болған ер адам араласып, белгісіз тұлғалар оқиға орнынан кетіп қалған.

Оқиғаға Тараз қаласының полициясы пікір білдірді. Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 13 жастағы қыз баланы ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен екі адамды ұстады.

«Полицияға екі белгісіз адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды алып кетпек болғаны туралы хабарлама түскен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген әрекеттер ерекше бақылауда болады және қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда әскери қызметкер көз жұмды: Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады

Келесі жаңалық

«Қойма мен монша ішінде жұмыс істеген»: Сүлейменова жекеменшік мектептерге қатысты даудың нүктесін қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі