Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Қарасай ауданында бір топ иттің әйелді талап жатқан сәті түсірілген видео тарады, — деп хабарлайды Aggregator.kz Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасай отырып.
Оқиға 17 ақпанда Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы әйелді бір үйдің ауласында иттер үйірі талаған. Зардап шеккен азаматша көптеген жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жұмыс істеп жүр.

