aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда баспана арзандамайды

10 марта, 2026
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда баспана арзандамайды
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда 2000 жылдардың басында туған жастардың тұрғын үй нарығына шығуы пәтерге деген сұранысты күшейтіп жатыр. Демографиялық өсім мен жыл сайын тіркелетін жаңа отбасылар санына байланысты алдағы жылдары тұрғын үй бағасының төмендеуі екіталай. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Aggregator.kz Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, биылдың өзінде 2000 жылдардың басында туған жас буын тұрғын үй нарығына белсенді шыға бастайды.

«2000 жылы елімізде 222 мың бала дүниеге келсе, 2007 жылы олардың саны 321 900-ге жетті. Мен демографиямен және осы мәселемен айналысатындықтан, бұл сандарды жатқа білемін. Яғни осы 7 жыл ішінде жыл сайын шамамен 15-20 мыңға өсім болған. Қазір сол жастар тұрғын үй нарығына шығып жатыр. 2000 жылы туғандардың жасы қазір 26-27-де, олар тұрғын үй нарығында өте жоғары сұраныс қалыптастырып отыр. Өткен жылы біз 20,5 млн шаршы метр тұрғын үй салдық – бұл 150 мыңнан астам пәтер. Соған қарамастан, сатылым әлі де жалғасып жатыр», – деді Ләззат Ибрагимова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бірнеше жыл бойы, шамамен 2009 жылға дейін, елде айтарлықтай өсім байқалғанын, бұл тіркелген некелер статистикасынан да көрінетінін айтты.

«Қазақстанда жыл сайын шамамен 120 мыңнан 130 мыңға дейін неке тіркеледі. Былтыр бұл көрсеткіш ең төмен деңгейде болды – 114 мың некені құрады. Ал жаңа отбасы құрған кезде ең алдымен баспана мәселесі туындайды. Сондықтан 2000-2009 жылдар аралығында байқалған демографиялық өсім, яғни беби-бум, тұрғын үйге деген сұранысқа айтарлықтай әсер етеді. Бұл үрдіс 2026-2027 жылдары да сезіледі», – дейді ол.

Сондықтан, оның айтуынша, алдағы уақытта баспана арзандайды деп күтудің қажеті жоқ.

«Тұрғын үй бағасы төмендемейді. Мен мұны нақты айта аламын. Әрине, түрлі факторлар болады. Екінші нарықта, бәлкім, стагнация болатын шығар. Ал бастапқы нарықта көп нәрсе құрылыс материалдарының бағасы мен жалақы деңгейіне байланысты. Бірақ қазіргі демографиялық көрсеткіштерге қарасақ, бағаның төмендеуі екіталай», – деді Ибрагимова.

Алдыңғы жаңалық

Солтүстік Қазақстанның танымал сурдоспортшысы мезгілсіз өмірден өтті

Келесі жаңалық

АЛМАСБЕК АЛМАТОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ЖЫР КЕРУЕН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі