aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

21 марта, 2026
in Жаңалықтар
0
Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды
0
SHARES
144
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Оқиғаны салтанатты түрде тіркеу рәсімі Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік концерт басталар алдында өтті, деп хабарлайды Aggregator.kz Almaty.tv басылымына сілтеме жасай отырып.

Саябақтың қақ ортасына орнатылған биіктігі 11 метрден асатын, диаметрі 20 метрден асатын шаңырақ Global Best of Records әлемдік рекордтар кітабына енгізілді. Осы оқиғаға арнайы ұзындығы 100 метрден асатын сырлы сырмақ дайындалды.

Азия және Африка елдері бойынша рекордтты тіркеу бөлімінің бас офицері Қуандық Құдайбергенов тіркеу рәсімін жүргізіп, сертификатты Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбековке салтанатты түрде табыстады.

Көптеген алматылықтар мен мегаполис қонақтары куә болған іс-шара барысында ұлттық киім киген әйелдер алып шаңырақтың астына тоқылған сырлы сырмақты жайып шықты.

Бұл көрініс көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды — көптеген қонақтар ауқымды композиция аясында суретке түсіп, бейнежазба жасады.

Оқиғаның маңызы туралы Қуандық Құдайбергенов айтып өтті.

«Global Best of Records рекордтар кітабы — Гиннестің рекордтар кітабымен қатар әлемге танымал халықаралық реестрлердің бірі. Біздің кітап әлемдегі ең ірі жинақтардың қатарына кіреді және 89 елді біріктіреді», – деді ол.

Концерттік бағдарлама аясында Азия және Африка елдері бойынша рекордтты тіркеу бөлімінің бас офицері рекордтық көлемдегі сырлы сырмақты әзірлеген шеберлер тобына да марапат табыстады.

Бұл оқиға ұлттық өнер мен қазақстандық шеберлердің төл қолтаңбасын айқын танытқан жарқын белеске айналды.

Алдыңғы жаңалық

ҚЫЗЫЛОРДАДА «БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – ӘЗ НАУРЫЗ» АТТЫ МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ШАРА ӨТТІ

Келесі жаңалық

Қазақстандағы ауасы ең лас және ең таза қалалар тізімі жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі