aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Екінші әйелімді шәкіртіме үйлендірдім»: Құрбанәлі Ахмет Ишанға да, журналист Жанар Байсемізге де 216 мың теңге айыппұл салынған

30 марта, 2026
in Жаңалықтар
0
«Екінші әйелімді шәкіртіме үйлендірдім»: Құрбанәлі Ахмет Ишанға да, журналист Жанар Байсемізге де 216 мың теңге айыппұл салынған
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бірнеше күннен бері Қазнетте Құрбанәлі Ахмет Ишан есімді тұлғаның журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатындағы екінші әйелге қатысты цитатасы қатты таралған еді. Алматы полициясы желі қолданушыларының наразылығын тудырған видеоға қатысты ресми мәлімдеме берді, деп хабарлайды Agregator.kz Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасай отырып.

Айта кетейік, Құрбанәлі Ахмет Ишан сұхбат барысында «өзін тыңдамаған екінші әйелін шәкіртіне үйлендіріп жібергенін» айтқан еді. Сұхбаттың бұл видео үзіндісі таралғаннан кейін полиция материалды зерделеген.

«Өзін діни ағымның өкілімен деп санайтын азаматтың көпшілік арасында таралған видеоматериалына қатысты Алматының мемлекеттік органдары тиісті тексеру жүргізді. Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін (әйелінің біреуін шәкірітіне беру туралы) пікірлер айтылған. Бұл қоғам санасына кері әсерін тигізетін пікір», — деп хабарлайды Алматы полициясы.

Осы материалдар негізінде Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы пікір иесіне, яғни, Құрбанәлі Ахмет Ишанға Әкімшілік кодекстің 490 бабы бойынша айыппұл салған. Айта кетейік, Әкімшілік кодекстің 490 бабына сай, дәл осындай дәрежеде пікір айтқан немесе материал әзірлеген жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ Басқарма бұл азамат Мүфтияттың мүшесі емес екенін мәлімдеген. Өз тарапынан Алматы полициясы журналист Жанар Байсемізге де 490 бапқа сай айыппұл салған.

Алдыңғы жаңалық

Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын қызметінен алып тастады

Келесі жаңалық

Танымал блогер Жанәбіловтердің ісі бойынша сотқа келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі