aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Президент жас ғалымдарға баспана сыйлады

10 апреля, 2026
in Uncategorized
0
Президент жас ғалымдарға баспана сыйлады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Ғылым — үнсіз еңбек. Оның дауысы көбіне зертхана қабырғасынан аса бермейді. Бірақ кейде сол еңбектің еленген сәттері қоғамға үлкен ой салады.

Әлемде жоғары технологиялық мемлекеттердің ондығына енетін жалғыз ғана мұсылман мемлекеті бар екен. Ол мемлекет, тіпті, кейбір позицияларда алғашқы бестікке де енеді. 47 жыл оқшау өмір сүріп, халықаралық санкциялар шырмауында отырса да ғылымды сондай дәрежеге жеткізген Иран ғана! Тіпті, шарықтап дамыды деген Түркия да бұл ондыққа енбейді! Кешегі соғыста аузын айға білеген алып АҚШ та оған түк істей алмады! Бәрі – ғылымның арқасы!

12 жылдан бері ғылым саласында еңбек етіп келе жатқан Рахия Елназарқызы бұл жолдың оңай емес екенін жақсы біледі. Соған қарамастан, ол ғылымда қызмет етуді үлкен мәртебе деп санайды және еңбектің бағаланғанына ризашылығын білдіреді. Бұл — тек бір адамның емес, тұтас ғылыми қауымның ішкі сезімі.

Ал жас ғалым Эльмира Базылханова үшін бұл күн тіпті ерекше болды. Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында жаңа пәтердің кілтін алу — күтпеген, бірақ қуанышты жаңалық. Әсіресе, өз еңбегіңнің нәтижесін тек мақалалар мен зерттеулерден емес, өмірлік жағдайыңның жақсарғанынан көру — үлкен мотивация.

Бүгінде баспана алғандардың қатарында энергетика, тарих, экология, медицина, ауыл шаруашылығы сияқты ел үшін маңызды салаларда еңбек етіп жүрген ғалымдар бар. Бұл бағыттар — тек ғылымның ғана емес, елдің болашағын айқындайтын негізгі тіректер.

Сандар да соны көрсетеді: өткен жылы 271 жас ғалым баспанамен қамтылды. Бірі жеңілдетілген несие арқылы, бірі тікелей берілген пәтер арқылы. 2025 жылы ғылыми сыйлықтар тағайындалып, ондаған стипендиялар мен халықаралық тағылымдамаларға гранттар берілді. Ғылыми дәрежесі барларға қосымша төлемдер енгізіліп, ғылымға инвестиция салған бизнеске салықтық жеңілдіктер қарастырылды.

Бұл өзгерістер — жақсы бастама. Бірақ ғылымның шынайы дамуы тек марапат пен материалдық қолдаумен шектелмейді. Ең бастысы — тұрақтылық, жүйелілік және ғылыми ортадағы еркін ойдың сақталуы. Ғалымға тек жағдай емес, сенім де қажет.

Себебі ғылым — тек бүгіннің емес, ертеңнің де жауапкершілігі.

 

Алдыңғы жаңалық

В Туркестанской области внедряются экологический эффективные способы отопления теплиц

Келесі жаңалық

Қазақстандық музыка индустриясында үлкен ақша қозғала бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі