aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Таңғалдырған тағдырлар

Шымкентте көпбалалы аналар тігін тігуді тегін үйренуде

3 июня, 2022
in Таңғалдырған тағдырлар, Шытырман
0
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында көпбалалы аналар тігін ісін тегін меңгеруде. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков орталықты аралап, жұмыс барысын одан әрі жетілдіру бойынша осында қолдау тапқан азаматтармен кездесті.

Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған аналарды қолдау орталығында арнайы шеберхана тігін машиналары және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Қызмет алушылар құрақ көрпе, қыз жасауы мен сұранысқа сай сән үлгісіндегі кимдер және түрлі ою-өрнектер кестеленген қазақы нақыштағы тақияларды тігіп үйренуде. Оларға тігін ісін үйрететін шебердің бірі Еркінай Көшкінова. Көпбалалы ананың асырауында 12 жастағы мүмкіндігі шектеулі перзенті бар. Ерекше ұлы ою-өрнектердің дизайнын компьютер арқылы әзірлеп береді.

–«Бақытты жанұя» орталығына жыл басында жұмысқа орналастым. Содан бері осында қыз-келіншектерге тігін тігуді үйретіп келемін. Кәсібім өзіме қатты ұнайды. Үйде қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқып, мемлекеттік грант қаржысына сатып алған тігін машинам бар. Қосымша тапсырыстар қабылдаймын. Ұлымды да осы кәсіпке баулып жатырмын. Адамда еңбастысы еңбек етуге ниет болуы керек,-дейді тігінші.
Орталықта жалпы түрлі бағыттар бойынша басқа да оқу курстары бар. Атап айтқанда, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын үйретеді. Мақсат — аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы аналарға қолдау көрсету.

Сонымен қатар, орталық қызметкерлері келішулерге психологиялық, құқықтық кеңес береді. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызмет алу мәселелері бойынша көмектерін ұсынады.

Мекемеде жыл басынан бері 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілген. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков аралау барысында сала мамандарына оқу курстарын тәмамдаған азаматтарды барынша жұмыспен қамтуды тапсырды. Айтуынша, әр қызмет алушының үміті ақталып, іс нәтижелі болуы тиіс.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы,4 А
Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері аралығында (сағат 09.00-18.00-ге дейін)

Алдыңғы жаңалық

Қала әкімінің бірінші орынбасары азаматтарды қабылдады

Келесі жаңалық

Көшелердің тазалығы тұрақты бақылауға алынған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі