aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мәжіліс депутаты сынып жетекшілерінің орнына арнайы маман алуды ұсынды

21 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Мәжіліс депутаты сынып жетекшілерінің орнына арнайы маман алуды ұсынды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мектептерде сынып жетекшілерінің орнына арнайы маман алуды ұсынды.

Мәжілісте әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен қорғау мәселелеріне арналған жиын өтіп жатыр. Осы шарада сөз алған депутат Нартай Сәрсенғалиев педофилдер туралы ресми статистика мәліметтерін келтірді.

«2019 жылғы ресми статистикаға қарасақ, Қазақстандағы құқық қорғаушылардың есебінде адам зорлаған 2800 қылмыскер, бала зорлаған 1350 педофил тұрған. 2021 жылы Қазақстандағы колонияларда 1861 педофил жазасын өтеп жатқан. Сол жылы қамау орындарындағы 50 педофилдің бостандыққа шыққаны туралы ақпарат тарады», — деді ол.

Мәжіліс депутаты балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін қабылдануға тиіс жүйелі шараларды ұсынды.

«Балаларды зорлағандар кім деген сұрақ туындайды. Педофилдікке кім барады деген сұрақтың жауабын қарасақ, бала зорлағандардың 77 пайызы өз әкелері, өгей әкелері, көршілері немесе сол үйдің туысқандары деген ақпарат алып отырмыз.

Бұған қарсы қандай шара қабылдау керек дегенге келсек, кешегі депутаттық сауалда да айттық. Оның ішінде мектептегі сынып жетекшісі деген қызметтің орнына арнайы маман алу, мектеп психологтерін көбейту, әлеуметтік педагог дейтін мәселені реттеу туралы ұсыныстар бар», — деді Нартай Сәрсенғалиев.

Алдыңғы жаңалық

Алматыда автотұрақ ақысы көтеріледі

Келесі жаңалық

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі